Каспий саммиті жылдар бойы шешілмей келген сұраққа нүкте қоюы мүмкін -- "Каспийді жағалай орналасқан 5 мемлекет осы аптада ..." -- 10 Тамыз 2018
«Хабар» Агенттігі мен КBS ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды -- "«Хабар» халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән ..." -- 10 Тамыз 2018
Павлодар облысында екі ауданның атауы өзгертілді -- "Елбасы Жарлығымен Павлодар облысының Качир, ..." -- 09 Тамыз 2018
Мемлекет басшысы ҚР Бас прокуроры Қ.Қожамжаровты қабылдады -- "Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа ..." -- 09 Тамыз 2018
«СЫЗДЫҚ БОҚАЙҰЛЫ ТУРАЛЫ СӨЗ» ҒЫЛЫМИ – ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ -- "Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев ауылы тектілігімен ..." -- 08 Тамыз 2018
ҚР ДСМ валсартаны бар препараттарды қайтарып алу себебін түсіндірді -- "Ел дәріханаларында «Вазар 80мг», «Вазар-Эйтч» ..." -- 03 Тамыз 2018
5 сұрақ -- "Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, ..." -- 02 Тамыз 2018
Ұлттық банк ипотекалық қарыз бойынша банктерге комиссия алуға тыйым ... -- "Ұлттық Банктің бастамасы бойынша 2018 жылғы 16 ..." -- 02 Тамыз 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, ..." -- 31 Шілде 2018
27 шілдеде қазақстандықтар ең ұзақ Айдың тұтылуын көре алады -- "27 тамыздан 28 тамызға қараған түні ..." -- 27 Шілде 2018

Бюджет және салық

2017 жылға арналған аудандық бюджет несиелерді қоса есептегенде жоспарланған 13 млрд. 131 млн. теңгенің орнына
13 млрд. 237 млн. теңгеге, оның ішінде, аудандық бюджеттің өз кірісі 1 млрд. 685 млн.теңгенің орнына 1 млрд. 789 млн. теңгеге немесе 106 пайызға орындалды.

Ал, аудандық бюджеттің шығысы 13 млрд. 116 млн. теңгеге немесе 99,9 пайызға игерілді.

2018 жылғы аудандық бюджет несиелерді қоса есептегенде 14 млрд. 113 млн. теңге көлемінде, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі 1 млрд. 767 млн. теңге көлемінде бекітілді. 2013 жылмен салыстырғанда аудандық бюджет (8 млрд.теңгені құраса), салыстырмалы түрде 2 есеге өсті.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік

Ауданның өнеркәсіп орындары өткен жылы 24 млрд.
103 млн. теңгенің өнімін
өндірді, тиісті кезеңге нақты көлем индексімен 94,4 пайыз. Оның ішінде,өңдеу өнеркәсібінде
7 млрд. 13 млн. теңгенің өнімі
өндіріліп, тиісті кезеңге

101,1 пайызды құрады.

2017 жылы ауданда 4625 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оларда 7646 адам жұмыспен қамтылды. 2016 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілері 7 пайызға, жұмыспен қамтылған адам саны
5 пайызға артты (2013 жылы  3602 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, салыстырмалы түрде өсім 28 пайызға артқан).

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Гежуба Шиелі Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына
1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауытының құрылысы өткен жылы басталып, ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмыстарында 380 адам жұмыс жасауда. Зауыт пайдалануға берілгенде 260 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Бизнесті қолдау мақсатында Шиелі кентінен индустриялық аймаққа 96 гектар жер бөлініп,6 бизнес жобаға 62 гектар жер телімі табысталды.Оның ішінде, өткен жылдың желтоқсан айында 1 жоба жобалық құны 55 млн. теңге болатын «Шиелі Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асфальт-бетон шығару зауыты іске қосылды.

Сонымен қатар, 2017 жылы «KazChinNur» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалық құны 150 млн. теңгенің құрылыс материалдарын өндіру зауыты іске қосылып,
30 адам жұмыспен қамтылды.

Туризм саласын дамыту бағытында «BANAS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 150 млн. теңге несие алып, «Керемет» сауықтыру және балаларға арналған ойын сауық кешендері іске қосып, 17 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Сұлутөбе ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Жүзкенов «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан «В» санаты бойынша жобалық құны 200 млн. теңгенің сервистік қызмет көрсету орталығының құрылысын бастап, жанынан биылғы жылы 5 гектар жерге алма бағын егу жұмыстарын жоспарлауда. Одан өзге, 3 қызмет көрсету орталығы жер телімі аукцион арқылы табысталды. Биылғы жылы құрылыс жұмыстары басталады.

Елбасы тапсырмасына сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Жалпы, аудан бойынша алма бағын өсіру мақсатында
78 гектар жер телімі ұсынылып, 46 гектар жер кәсіпкерлерге сауда саттық арқылы табысталды. 34 гектар жер теліміне 48 мың түп алма көшеттері отырғызылды, 15 гектар алмабақ жеріне мемлекеттік қолдау ретінде 20 млн. теңге субсидия төленді.

Жеке кәсіпкер С. Ермахановтың тәулігіне 400 литр түйе сүтін өңдейтін «АруАНА» шұбат цехының шығарған өнімі облыс, аудан көлемінде сұранысқа ие болуына байланысты өткен жылы 61 млн. теңге несие қаржыға цехтың құрал-жабдықтарын қайта құрылымдап, тәулігіне 1 тонна шұбат және сиыр сүтінен қаймақ, йогурт, сүт, айран, сүзбе, құрт өнімдерін нарыққа шығаруда.

«Мөлдір және К» толық серіктестігінің жанынан құрылған «Шиелі құс» фермасының құрылысына 165 млн. теңге инвестиция салынып, тәулігіне 10 мың дана жұмыртқа өндірілген болатын. Өткен жылы құс фермасын кеңейту мақсатында «Даму Аймақ» бағдарламасы арқылы екінші деңгейдегі банктен 33 млн. теңге несие қаржыға құс фермасы кеңейтіліп, тұрақты түрде тәулігіне 20 мың дана жұмыртқа өндіруде.

Аудан көлеміндегі 36 көлдің 24-і бүгінгі күнге дейін он жылдық мерзімге жалға берілсе, алдағы уақытта 12 көл конкурс арқылы кәсіпкерлерге табысталатын болады.

Биылғы жылы осы көлдерде балық шаруашылығымен айналысатын дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды біріктіріп, балықшылардың 1 кооперативі құрылды, бұл жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Бүгінгі күнге, аудандағы 24 көлден жылына 51 тонна балық ауланып, бюджетке 6 млн. 600 мың теңге салық төленген. Балық шаруашылығында 75 адам жұмыспен қамтылып отыр.

«Сүйіндік» шаруа қожалығы ағымдағы жылы 2 млн. 700 мың шабақ өсіріп, оның 1 млн. жуығы аудандағы көлдерге жіберіліп, кәсіпкерлерге сатылған.

Ауданда алдағы уақытта «Күміскеткен» су қоймасының салынуымен балық шаруашылығын дамытуға мол мүмкіндіктер туып, ауланатын балық көлемі еселеп артатын болады.

Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында өткен жылы Ақмаяда Жұмбеков, Жуантөбеде Машрапин жобалық құны тиісінше 70-124 млн. теңгенің спорттық сауықтыру кешендерін пайдалануға берсе, Жөлек елді мекенінде жобалық құны 22 млн. теңгені құрайтын Жөлектік 5 азамат және Бестам елді мекенінде жеке кәсіпкер Қозыбаев жобалық құны 68 млн. теңгелік жеке қаржыларына спорттық сауықтыру кешендерінің құрылысын жүргізуде, биылғы жылы пайдалануға берілетін болады.

Шиелі кентінен жобалық құны135 млн. теңгенің жабық жүзу бассейінін салу жобасының құжаттары әзірленуде, 2018 жылы құрылыс жұмыстары басталады.

Ауылшаруашылығы саласы

2017 жылы 29 мың 663 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде күріш 13 мың 380 гектарды құрайды.

Егілген егіннен 79 мың тонна күріш, 38 мың тонна көкөніс,
26 мың тонна картоп, 59 мың тонна бақша, 49 мың тонна жоңышқа өнімі жиналды.

2017 жылы шаруашылықтар лизингке әртүрлі қаржы көздерінен 839 млн. теңгеге 9 ауылшаруашылығы техникасын және өз қаржылары есебінен 63 млн. теңгеге
7 ауылшаруашылығы техникаларын сатып алды.

Ауданда 2017 жылы ірі қара 54 мың 386 басты, уақ мал
76 мың 245 басты, түйе 1 мың 288 басты, жылқы 13 мың 46 басты, құс 27 мың 623 басты құрады.

Есепті мерзімде 4 мың 964 тонна ет, 19 мың 97 тонна сүт, 2 млн. 173 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 540 бас сиыр,
29 бас бұқа алынып, жылдық жоспар 2 есеге, «Алтын асық»  бағдарламасымен 288 бас қой, 64 бас қошқар алынып, жылдық жоспар 3 есеге орындалды.

Ауданда агроөнеркәсіп саласын дамыту бағытында
197 майда қожалықтар мен 252 дара кәсіпкердің бірігуімен
28 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жұмыс жасауда.

«Шиелі төрт түлігі» кооперативі ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 61 млн. теңге несие алса,«Ырыс» бағдарламасы аясында аудандағы 4 ауылшаруашылығы кооперативі 399 млн.теңге несие қаржы алды.

Өткен жылы егін шаруашылығына 556 млн. теңге, мал шаруашылығына 124 млн. теңге, барлығы 680 млн. теңге субсидия төленді.

Құрылыс және инвестиция

2017 негізгі қорға 22 млрд. 936 млн. теңге инвестициялық қаржы салынды, тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,2 есеге артты.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 2 млрд. 317 млн. теңге, тиісті кезеңге 78,5 пайыз. Оның ішінде, жалпы ауданы
41 мың 810 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, былтырғымен салыстырғанда 130 пайызды құрады.

Облыстық бюджеттен тиісті қаржылар бөлініп, Шиелі кентіндегі №45 мектепке қосымша құрылыс, Тартоғай елді мекеніндегі90 орындық балабақшаның және150 орындық ауылдық клуб үйінің құрылыстары, Еңбекші елді мекенінде 90 орындық балабақша, 150 орындық ауылдық клуб пен спорт кешенінің құрылыстары 2017 жылы басталды. Аталған құрылыстарды толық пайдалануға беру мақсатында 2018 жылға 708 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттің есебінен жобалық құны 7 млрд. 41 млн. теңгелік 150 төсектік орталық аурухананың құрылысына өткен жылы 110 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. 2018 жылға жоғары тұрған бюджеттерден 550 млн. теңге бөлінді.

Былтырғы жылы Шиелі кентінде 197 млн. теңгеге
7 шақырым инженерлік инфрақұрылым
желілері жүргізілсе, ағымдағы жылы Шиелі кентіндегі Шұғыла-2, Шұғыла-3, Шығыс-4 мөлтек аудандарының және Бидайкөл елді мекеніндегі 14-ші, 15-ші және 30-шы кварталдарға ауыз су құрылысы 297 млн. теңгеге жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Тақыркөл бас су қоймасынан №3 насос станциясына дейінгі екінші су құбыры желісінің құрылысы, Тартоғай, Сұлутөбе, Бірлестік  елді мекендерін сумен қамту жүйелерінің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Қазіргі таңда 1 мамыр, Ботабай елді мекендерінің сумен қамту жүйелерінің жобалау-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Алдағы кезде республикалық бюджеттен қаржы сұралатын болады.

2017 жылы Алғабас және Ортақшыл елді мекендерінен
64 млн. теңгеге әкімшілік ғимараттары пайдалануға берілсе, 2018 жылы 34 млн. теңгеге Қарғалы ауылынан әкімшілік ғимарат салу жоспарлануда.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы

2017 жылы аудандық бюджеттен Майлытоғай, Бәйгеқұм, Қарғалы, Гигант, Тартоғай ауылдық округтерінің 5 шақырым ішкі көшелері 59 млн. теңгеге жәй және орташа жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар,"Өңірлерді дамыту бағдарламасы" бойынша жергілікті бюджеттен 12 ауылдық округтердің шағын спорт алаңдары 38 млн. теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізіліп, Қодаманов ауылынан 1,7 шақырым, Тартоғай ауылынан
1,1 шақырым
ішкі көшелерінің бойына 26 млн.теңгеге жаяу жүргінші жолдары салынды.

2017 жылы 120 млн теңгеге кент ішілік 4 шақырым жолға асфальт төселді, 11 шақырым жол жай жөндеуден өткізіліп,
18 млн теңгеге 2,4 шақырым жаяу жүргінші жолы салынды.

Сонымен қатар, биыл елді мекендердің 19 шақырым ішкі көшелері 112 млн теңгеге жөнделіп, Сұлутөбе, Телікөл ауылдық округтеріне әрқайсына 16 млн теңгеден 2 трактор-эскаватор алу жоспарлануда.

Шиелі кентіндегі 4 мың 240 тұрғын үй, 25 бюджеттік мекеме, 26 кәсіпорын, 135 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері газға қосылды.

Білім саласы

Ауданда жалпы білім беретін 41 мектепте 16517 бала білім алуда. Цифрлық білім беру жүйесін дамыту мақсатында
66 млн.теңгеге 28 мектеп 134 дана интерактивті тақтамен қамтылды.

Аудандық бюджеттің есебінен 149 млн. теңгеге 1,2,5,7 сыныптардың 143 мың дана оқулықтары алынды.

2017 жылы бюджет қаражаты есебінен тұрмысы төмен отбасылардың 3 мың 389 баласы 169 млн. теңгеге бір мезгіл тамақпен, 2 мың 363 бала 14 млн. теңгеге киіммен қамтамасыз етілсе, жеке қаражаттар есебінен 1 мың 390 балаға 8 млн.
340 мың теңге
көлемінде қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Жаз мезгілінде «Сыр Ұланы» лагерінде 700 бала демалыспен қамтылды. Ауданда типтік жобадағы лагерь ғимаратының болмауына байланысты өткен жылы 7,6 млн теңге бөлініп жоба-сметалық құжаттары әзірленді, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Өткен жылы 40 түлек ерекше үлгідегі "Алтын белгі",
19 оқушы "Үздік аттестат" иеленді. Аудан бойынша бітіруші
782 түлектің Ұлттық бірыңғай тестке 431 оқушысы қатысып, ауданның орташа балы 80,53 бал болса, бұл көрсеткіш облыстың орташа балынан 1,9 кем болды. Ең жоғары 119 балды Сұлутөбе ауылындағы №41 орта мектептің түлегі Жүсіпбеков Дінмұхаммед Дайырбекұлы иеленді.

Қазіргі таңда аудан бойынша 128 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, оларда 7989 бала тәрбиеленуде. 3-6 жастағы балалар 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.

Былтыр №181 және №157 мектеп ғимараттары 116 млн. теңгеге, №47 мектептің ескі ғимараты 73 млн. теңгеге, Бәйгеқұм ауылындығы балабақша ғимараты 112 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

2018 жылы №155 (88 млн. теңге), №49 (96 млн. теңге), №219 мектептермен (45 млн. теңге), білім бөлімінің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге, №48, №155 мектептерге қосымша құрылыс, №133 және №207 мектептерге жаңа ғимарат салу үшін жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге, барлығы 287 млн. теңге бөлінді.

Мәдениет саласы

Ауданда 27 мәдениет үйі мен клуб, 3 музей, 32 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді.

2017 жылы Жөлек ауылдық мәдениет үйі ғимараты 48 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, 9 млн. теңгеге жаңа жиһаздармен қамтамасыз етілді.

Елді-мекендерде кестеге сәйкес 1319 қоғамдық – саяси, мәдени-көпшілік шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, ғалым Шахмардан Есеновтың 90 жылдық мерейтойына және «Алтын күз - 2017» мерекесі республикалық деңгейде аталып өтті. Іс-шарада республикалық ақындар айтысы, қазақ күресінен түйе палуандардың республикалық турнирі, орталық стадионда ауылшаруашылығы озаттарын марапаттау, мерекелік ән шашу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, ауданның өнерпаздары республикалық сайыстарда жүлделі орындарға қол жеткізіп келеді.

Алматы қаласында өткен республикалық «Аналар асыл жандар» атты балалар және жасөспірімдер ән-би байқауында Шиелі аудандық «Жас дәурен» ән-би ансамблі қатысып бас жүлдені, Тараз қаласында өткен республикалық «Тамыры терең - Таразым!» атты ән-би және өнер байқауында «Ақ желкен» би тобы бас жүлдені иеленді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау

Аудан бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 мың 990, жұмыспен қамтылған халық 35 мың 124, оның ішінде өзін өзі жұмыспен қамтығандар 15 мың 510 адам. Статистикалық мәліметтер бойынша ауданда 1 мың 866 адам жұмыссыз. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды.

2017 жылы 758 жаңа жұмыс орны және 631 жеке кәсіпкер тіркеліп, барлығы 1 мың 383 жаңа жұмыс орны құрылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша 123 азамат оқытылуда.

Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың курсын
379 азамат бітіріп шықты. Оқу курстарын бітірген 141 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағыты аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 202 азамат сәуір-қараша айлары аралығында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, сертификат берілді. Оқыған азаматтардың 137-сі бизнес-жобаларын қорғады.Сонымен қатар, «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында 223 азамат оқытылды.

Оқыған азаматтардың қатарынан 262 азаматтың құжаттары несие алу үшін қаржы ұйымдарына жолданып, 110 азамат 361 млн. теңге шағын несие алып, өз кәсіптерін ашты.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында жыл көлемінде 103,6 млн. теңге қаражат бөлініп, барлығы 1059 азамат жастар практикасынан және әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы облыстарға Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға 28 отбасы ниет білдіріп, өткен жылы 5 отбасы Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына қоныс аударды.

Спорт саласы

Шиелі ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар үлесі 26 пайызды құрады. Аудан бойынша шұғылданушылар саны 21 мың 391 адам.

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында өткен жылы 180 аудандық, 8 облыстық
4 республикалық іс-шара
өткізілді. Оның ішінде көкпардан, тоғызқұмалақтан облыстық жарыс, қазақ күресінен, бокстан республикалық жарыстар өткізілді. Қазақтың ұлттық спорт түрі қазақ күресінің мәртебесін арттыру, оны бұқара халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында М.Шоқай, Бала би, Ы.Жақаев атындағы республикалық жарыстар ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар, Жалағаш ауданында ауыл спортшыларының «Алтын күз - 2017» облыстық спартакиадасында ауданымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.

2017 жылы аудан спортшылары облыстық жарыстардан
66 алтын, 43 күміс, 91 қола медаль алса, республикалық жарыстармен Қазақстан біріншіліктерінде 48 алтын, 47 күміс,
34 қола, Азия біріншілігінен 2 қола, әлем біріншілігінен 1 күміс, 2 қола медаль
иеленді. Ұлттық құрама мүшелігіне 4 жерлес спортшымыз енген.

Есепті кезеңде 6 спорт шебері, 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 27 спорт шеберіне үміткер, 15 бірінші разрядты спортшылар дайындалды.

Денсаулық сақтау

Ауданда 41 денсаулық сақтау ұйымында 152 дәрігер,
710 орта буынды медицина қызметкер медициналық қызметтің
27 түрі бойынша халыққа мамандандырылған көмек көрсетеді.

Бірінші рет тіркелген аурулар көрсеткіші 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда 573-тен 568-ге төмендеген.

2017 жылы бірінші рет тіркелген аурулардың ішінде: ас қорыту ағзаларының ауруы 7 пайызға, қатерлі ісік аурулары өткен жылмен салыстырғанда бір деңгейде, жүрек қан тамыр аурулуары 29 пайызға артса, жұқпалы-паразиттік аурулар 13 пайызға, психологиялық бұзылыстар 54 пайызға, нерв жүйесінің аурулары 2 пайызға,өкпе және тыныс аурулары
6 пайызға
төмендеген.

Аудан бойынша 2017 жылы 442 адам қайтыс болып, 1 мың 778 бала дүниеге келді.

Аудан халқының денсаулығын жақсарту, аурудың алдын алу бағытында 2017 жылы 154 млн. 645 мың теңгеге заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды.

Сонымен қатар, Тартоғай ауылдық округіндегі 2-ші ферма мен Ортақшыл ауылдық округіндегі Қызылқайың елді мекендеріне 16 млн. теңгеге 2 жаңа медициналық бекет сатып алынды. Ағымдағы жылы бұл жұмыстар жалғасып, Жөлек, Бекежанов, Ботабай елді мекендерінде медициналық нысандарды сатып алу және мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында салу жоспарлануда.

 

Құқық қорғау саласы

2017 жылы тіркелген қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға төмендеді. Оның ішінде, бөтен мүлік ұрлығы қылмыстары 5 пайызға, пәтер ұрлығы
24 пайызға
, бұзақылық 49 пайызға, есірткіге байланысты қылмыстар 9 пайызға төмендесе, мал ұрлығы 35 пайызға, өсім алды.

2017 жылы аудан көлемінде 54 жол көлік оқиғасы орын алып, жол апаттарынан 67 азамат әртүрлі дене жарақаттарын алса, 13 азамат қайтыс болды.

Аудан көлемінде жол көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында 2017 жылы «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқық тәртібі» секілді жедел профилактикалық іс-шаралар аудан көлемінде 29 рет өткізілді.

Ішкі саясат

Өткен жылғы Елбасы Жолдауының негізгі басым бағыттарын және міндеттерін түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық топ құрамы жасақталып, елді мекендерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 83 шара ұйымдастырылып, 7260 адам қамтылды. Елбасы Жолдауына байланысты «Өскен өңір», «Шарайна сейхун» газетеріне 97 мақала жарияланды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде әлеуметтік жобаларды үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 14 млн. теңге қаржы бөлініп, 7 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Есепті кезеңде жастар саясатын дамыту бағытында түрлі форматтағы 379 шара ұйымдастырылды, онымен 7987 жас қамтылды. Дін мәселелеріне қатысты «Дәстүрлі емес жат ағымдар: олардың теріс идеологиясы» тақырыбында 90 кездесу, 1 дөңгелек үстел, 4 акция өткізіліп, барлығы 2300-ден астам адам қамтылды. Аудан әкімдігінде жоспарға сәйкес
4 рет комиссия отырысы өткізіліп, тиісті орындарға хаттамалық тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

2017 жылы дін саласындағы мемлекеттік саясатты және деструктивті діни ағымдар туралы түсіндіру, тағатты діни сананы қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында
150-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда ойы бұзық, көксегендері елді бүлдіру болып тұрған жат діни ағымдардың ылаңы әлемдік деңгейде өзекті болып тұр. Өкінішке орай, ауданымызда басқа діни ағымдардың жетегіндегі жүрген бірқатар азаматтарымыз бар. Олармен күресу тек арнаулы органдар мен құзырлы мекемелердің ғана жұмысы емес, ел ағаларының, қазыналы қарттарымыздың, елге, жерге жаны ашитын әрбір азаматтың мақсаты, міндеті  болуы тиіс деп ойлаймын.

Есепті мерзімде азаматтардан 327 өтініш түсіп, Заңға сәйкес көмек беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құрметті ағайын!

Ағымдағы жылғы 10 қаңтар күні Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын жариялады.

Елбасы өз Жолдауында бүгінгі таңдағы әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салаларда қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқандығын айта келіп, Жолдаудың негізгі
10 басым бағытын
белгіледі.

Елбасымыздың Жолдауы еліміздің әлемдегі дамыған
30 мемлекеттің қатарына енуін жеделдету жолындағы кезекті қадамдарын айқындап берді. Осы ретте, мемлекеттік органдар Жолдауынан туындайтын мәселелерді басшылыққа алып, барлық салаларды цифрландыруға бағыттау бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отырғандығын халыққа жеткізуіміз қажет.

Кірушілер есебі

Бүгін245
Кеше264
Осы аптада509
Осы айда3389
Барлығы50591

Видео ақпараттар

Scroll to top