KASE-нің күндізгі сессиясы: $1 = 319,23 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 19 Ақпан 2018
Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады? -- "Наурыз айында Қазақстан халқы мереке күндерін ..." -- 19 Ақпан 2018
С.Рустамханулы: Латын әліпбиінің түркі халықтарын біріктіруде маңызы ... -- "Латынға көшу процесі - қазақ мәдениетін әлемге ..." -- 19 Ақпан 2018
Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты -- "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ..." -- 19 Ақпан 2018
Ә.Жақсыбеков: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Мемлекет басшысының ... -- "Былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ..." -- 19 Ақпан 2018
КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ШИЕЛІ АУДАНЫНДА -- "  Бүгін Қазақстан Республикасының ..." -- 17 Ақпан 2018
КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 29 ЖЫЛ -- "Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 29 ..." -- 16 Ақпан 2018
Г.Әбдіқалықова қазақ диаспорасы және қазақстандық студенттер ... -- "Мемлекеттік хатшы Түркия Республикасына жұмыс ..." -- 16 Ақпан 2018
Станимир Стойлов: Жеңілуге болмайтын кезде есе жіберіп алдық -- "Футболдан елордалық «Астана» өз алаңында ..." -- 16 Ақпан 2018
Елбасының CCTV арнасына сұхбатының толық нұсқасын сағат 21:30-да ... -- "Қытай көшбасшысының Жібек жолы экономикалық ..." -- 16 Ақпан 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

  • Мекен-жайы:
  • Инд: 120709    Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылы, М.Мәметова көшесі № 22 
  • Тел/факс 8-724-32-5-28-93 

 Жиделіарық ауылдық округінің  әкімі

  

daulenШакиров Даулен Серікжанұлы 1978 жылы 30 наурызда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келдім. Ұлты қазақ

Еңбек жолы 19.05.1999 жылы Қызылорда облыстық Әділет басқармасы Шиелі аудандық бөлімшеде сот приставы қызметінен басталды. Аталған қызметтен 17.08.1999 жылы өз еркіммен босадым. 20.08.1999 жылы Шиелі аудандық сотына кеңсе қарауылы болып қабылданды, 13.09.1999 жылы өз еркіммен босадым. 10.09.1999 жылы Шиелі аудандық «РУХ» заң компаниясы  филиалына зеңгер болып қабылданып, 10.07.2001 жылы  өз  еркіммен босадым. 13.08.2001 жылы Қызылорда облыстық сотына аға маман-сот отырысының хатшысы міндетін атқарушы болып қабылданып, 13.05.2002 жылы келісім-шарт мерзімінің бітуіне байланысты  босадым. 15.09.2003 жылы Шиелі аудандық сотына маман лауазымына қабылданып, 25.04.2005 жылы жетекші маман-сот отырысының хатшысы лауазымына ауыстырылып, 26.07.2006 жылы өз еркіммен босадым. 24.08.2006 жылы Шиелі ауданы «Құрылыс, сәулет жоспарлау орталығы» ЖШС-нің заңгері қызметіне қабылданып, 19.02.2010 жылы өз еркіммен босадым. 26.10.2010 жылы   Қазақстан Республикасы Президентінің №929 санды Жарлығымен Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалды. 25.05.2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің №29 санды Жарлығымен өз тілегім бойынша аталған қызметінен босатылды. 15.06.2015-30.06.2017 жылдар аралығында «Ел Құрылыс сервис» ЖШС-гі зеңгері қызметін атқардым.09.08.2017 жылы Шиелі аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес арнайы тексерудің оң нәтижелі қортындысы келгенше уақытша Шиелі ауданы Жиделіарық ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалдым.

   Негізгі міндеттері:

 1. Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулыларының облыс, аудан әкімінің өкім, шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды, текесрілуін ұйымдастырады. Жалпы басшылық жасау. Құпия іс-қағаздармен жұмыс.Ауыл әкімі аппаратының жұмысының сапалы жүруін ұйымдастырады. Ауыл әкімінің аппаратында қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау.

2. Ауылдық округ аппаратының тиімді жұмыс істеуіне, мамандардың  нәтижелі қызмет жасауына бақылау жасап отыру.

Жиделіарық ауылдық округі әкімі аппараты

Р/с

Мемлекеттік қызметшінің аты –жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

Санаты

1

Шакиров Даулен Серікжанұлы

Ауыл әкімі

Қызылода облысы, Шиелі ауданы

5-28-93 жұм

4-31-46 үй

Ұялы тел: 87752020110

2

Әбілқасым Жадыра Қалдыбекқызы

Жетекші маман

Қызылода облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші а/о Абай көшесі

№47 үй

5-28-93 жұм

Ұялы тел: 87784779745

Ереже

«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты»  ережесі

1.      Жалпы ережелер

  1. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етіулін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар 

       1) Жиделіарық ауылдық округі әкімі аппаратының «Жиделіарық» ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

  1. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. . «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жиделіарық ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7.   Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120709, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылдық округі, Жиделіарық ауылы, М.Мәметова көшесі № 22.

«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

1) дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді.

2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.

  1. Осы Ереже «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжатыболып табылады.
  2. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыружергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттердіорындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

            Егер «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістерәкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.      Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзу.
  2. Негізгі міндеттері:
                1) мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу.

            2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;

            3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру

16.Функциялары:

            1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
            2) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

            3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

            4) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

            5) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

            6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

            7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
            8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

             9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
            10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
            11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
            12) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

16-1.  ведомстволардың функциялары:

             1) «Жиделіарық» ауылдық клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнының функциялары:                            

 2) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақта, насихаттау, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу;

3) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсау кесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;

4) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

5) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеу, қорыту, таныту, енгізу мен тарату;

6) аудандық, облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, фестивалдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

7) этномәдени бірлестіктерді қолдау;

8) мәдени-демалыс қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, әртүрлі мәдени акцияларды, бастамашылықтарды қолдау.       

  1. Құқықтары мен міндеттері:

            1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

            2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

            3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

            4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

            5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

            6) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

            7) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

            8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3.      Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

  1. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
          20. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын жәнеқызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
  3. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі;     

            1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

            2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

        3)салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

            5) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi

        Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;

6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

            7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

            8) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтiң автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

            9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi.

            10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

            11) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

            12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

            13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

            14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

            15) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;

            16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;

            17) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

            18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

            19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

            20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

            21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

            22) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

            23) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

            25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

            26) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

            27) мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

            28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

            29) ауылдық округтiң абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

            30) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

            31) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

            32) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;

            33) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi мөлшерiн айқындайды;

            34) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

            35) берiлген аудандық комуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

36) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;

            37) басқаруына берiлген комуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;

38) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;

            39) кiрiс көздерiн қалыптастырады;

40) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;

            41) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

            42) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

            43) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;

            44) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;

            45) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң «Жиделіарық ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

            46) гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

«Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңдеоның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округ әкімі басқарады.
  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  2. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделгенжағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болумүмкін.
     «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі бергенмүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  3. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүліккоммуналдық меншікке жатады.
  4. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.      Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жәнетарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

        Жиделіарық ауылы 1928 жылы Керделі ауылдық кеңесі болып құрылып, Жиделіарық, Еңбекші, Үлгілі бір ауылдың кеңесінде болған. Ең алғаш колхозды 1929 жылы Боқаев Сыздық деген кісі басқарған. Әр колхозда 25-40 тан шаңырақ болды. 1943 жылдан бастап ұжымдар қайта жөнделе бастады.

    Осы «Коммунизм» ұжымшарынан 1974 жылы мал шаруашылығын өз алдына дамыту мақсатында «Еңбекші» кеңшары бөлініп шықты. «Коммунизм» ұжымшарында күріш, бидай, көкөніс, жүгері, жоңышқа, бақша дақылдары егілді. Іріленген үлкен ірі-қара фирмасы болды. Жиделіарықта 2 өндіріс бригада, Үлгіліде 2 өндіріс бригадасы және 1 көкөніс-бақша бригадасы болды. 

       2005 жылдың қаңтар айынан бастап өз алдына ауылдық округ болып құрылған.

Жиделіарық ауылы, Шиелі ауданының солтүстік-шығыс бөлігі Қаратау етегінде, X-ғасырда Оғыз хан Оқшы батырлар өмір сүрген әйгілі Бестам қаласының іргесінде орналасқан. Жалпы жер көлемі -2753 га, оның ішінде мал жайылымы-518 га, суармалы егістік жер-1060 га, шабындық-30 га.

       Аудан орталығынан ара қашықтығы -27 км, Жиделіарық ауылының масштаб бойынша жер көлемі-727 га, 157  отбасы, 6 көшеге орналасқан.

      Ауыл тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады.

Әлеуметтік мекемелер болып саналатын №206 «Жиделіарық» орта мектебінде 201 оқушы,               45 мұғалім ұстаз бар. 1 ФАП-мекемесі ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту мақсатында жұмыс атқаруда. Сондай-ақ клуб үйі, орталық кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. ветеринариялық пункт – 1.

Видео ақпараттар

Scroll to top