АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «12» желтоқсан ..." -- 11 Желтоқсан 2018
БЖЗҚ туралы -- "Бүгінгі таңдахалық арасында жинақтаушы зейнетақы ..." -- 10 Желтоқсан 2018
2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ қызметініңмаңыздыкөрсеткіштері -- "2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 06 Желтоқсан 2018
Хабарландыру -- "Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 2018 жылғы 6 ..." -- 05 Желтоқсан 2018
Хабарландыру -- "2018 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 16.00-ден – ..." -- 04 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Бүгінгі күні жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайлы ..." -- 29 Қараша 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  Шара қорытындысы бойынша мақала   ..." -- 26 Қараша 2018
Экономика министрлігі полицейлердің жалақысы қашан өсетінін айтты -- "Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары ..." -- 22 Қараша 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРУ ... -- "Бүгін Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан ..." -- 22 Қараша 2018
ЖҮЙРІГІ ШИЕЛІНІҢ АТАНАМЫН -- "Кеше ауданымызда дәстүрлі өнерді жаңғырту, ..." -- 22 Қараша 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

  • Пошта индексі: 120713;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы , Байсын  ауылы , С.Асанов  көшесі №1
  • Тел/факс: 8 (72432) 50-0-34

Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі


Қазыбай Мейірхан Ахметұлы 1957 жылы 20 тамызда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын ауылында туылған. Ұлты қазақ. Білімі   жоғары.1974-1979  жылдары Алматы қаласындағы «Алматы  технологиялық және жеңіл өнеркәсіп»  институтының  «Астық сақтау  және өңдеу» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы «Қызылорда астық қабылдау және өңдеу комбинаты» Аға мастер болып бастаған.

1980-1982 жылдары «Шиелі астық қабылдау пунктінде» аға инженер

1982-1995 жылдары  «Ы.Жахаев атындағы колхозда аға агроном №3 комсомол жастар өңдірістік бригадирі»

1995-1997 жылдары  «Иіркөл ауылдық округі Жаңатұрмыс ұжымында» Бас агроном

1997-1998 жылдары «Байсын өңдірістік коорпоративінде» бас агроном

1998-1999 жылдары «Иіркөл» шаруа қожалығында  бас агроном

1999-2002 жылдары «Шиелі аудандық ауылшаруашылығы басқармасында» бас агроном

2002-2004 жылдары Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бас агроном

2004-2006 жылдары Шиелі аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде егін шаруашылығы бас маманы

2006-2009 жылдары Шиелі аудандық аумақтық инспекциясында мемлекеттік тұқым инспекторы

2013-2015 жылдың наурызына дейін Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында тұқым шаруашылығы жөніндегі инспектор

2015 жылдың наурыз айының 30 – нан бастап «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі» қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

 Негізгі міндеттері:

1.Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі ретінде ауылдық округі аумағында жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының Президент Жарлықтарының, жоғары тұрған өкімет пен басқару органдарының құжаттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

3.Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына жәрдемдеседі.

4.Азаматтардың өтініштері, арыз шағымдарын және үндеулерін қарайды.

5.Қазақстан Республикасының  «Жер Кодексіне» сәйкес ауылдық округі аумағында жер пайдалану мәселелерін шешеді. Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады.

6.Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

7.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі.

8.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен   өзара іс-қимыл жасайды.

9.Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады, көлікті және инженерлік инфрақұрылым объектілерін пайдалануды ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде су пайдалану мәселелерін реттейді.

Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның жұма күні сағат 16-00 ден 18-00 ге дейін қабылдайды. 

«Жаңатұрмыс  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 

Құрылымы :

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жайы, үй және қызметтік телефоны

1

Қазыбай Мейірхан Ахметұлы

Ауылдық округ әкімі

E-R-1

Ә. Палмағанбетов № 33

54-2-46

Жұмыс.  50-0-34

2

Байкенже Серік Ахатбекұлы

Қаржы саласы жөніндегі(есепші)

бас маман

E-G-3

Байсын ауылы, Әбдімомынов көшесі 4

Үй..54-0-15

Жұмыс.  . 50-0-34

3

Аманқұлова Ажар Нұрмағамбетқызы

Шаруашылық есебін жүргізу,әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі бас маман

E-G-3

Шиелі кенті, Шыныбеков көшесі  23 

Үй..4-36-48

Жұмыс.  50-0-34

Ереже

«Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» ережесі 

         1.  Жалпы ережелер 

  1. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етіулін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар 

     1) Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі аппаратының «Байсын» ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

  1. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
                  5. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  3.   «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  4.        «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  5.  «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120713, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі, Байсын ауылы, Сапарбай Асанов көшесі     № 2.

              Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

              1) дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді.

              2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

              3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.

  1. Осы Ереже «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.    
  1. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

       Егер «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

  1. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзу.
  2. Негізгі міндеттері:
         1) мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу.

              2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;

              3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

              4) заңдықы пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру

  1. Функциялары:

              1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
              2) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

              3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

              4) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

              5) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

              6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

              7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

              8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

              9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
              10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
              11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
              12) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

              13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

              17-1.  ведомстволардың функциялары:

  1.         1. Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі аппаратының «Байсын» ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының функциялары:
  • Мәдениет, өнер, тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру:
  • тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамассыз ету;
  • тiлдердi қолдану мен оларды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын орындауды жүзеге асыру.
  • халық шығармашылығы фестивальдарын, айтыстар, семинарлар және басқада шаралар өткiзу;
  • мүдделi мемлекеттiк мекемелермен бiрлесiп мәдениет және өнер саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдау;
  • достастық мемлекеттерiнде және шетелдерде өтетiн фестивальдарға, байқауларға және басқа шараларға үздiк шығармашылық ұжымдарды, жеке орындаушыларды ұсыну;
  1. Құқықтары мен міндеттері:

        1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

           2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

           3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

           4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

            5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

            6) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

            7) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

            8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

  1. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
                  21. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
  3. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:     

              1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

              2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

              3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

              4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

              5) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;

             6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

              7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

              8) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтiң автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

              9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi.

              10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

              11) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

              12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

              13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

              14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

              15) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;

              16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;

              17) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

              18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

              19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

              20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

              21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

              22) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

              23) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

              24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

              25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

              26) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

              27) мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

              28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

              29) ауылдық округтiң абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

              30) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

              31) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

              32) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;

              33) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi мөлшерiн айқындайды;

              34) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

              35) берiлген аудандық комуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

              36) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;

              37) басқаруына берiлген комуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;

              38) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;

              39) кiрiс көздерiн қалыптастырады;

              40) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;

              41) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

              42) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

              43) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;

              44) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;

              45) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң «Жаңатұрмыс ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

              46) гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

              «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1.  Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округ әкімі басқарады.
  1. Мемлекеттік органның мүлкі 
  1. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2.  Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 

  1. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

Байсын Көлдеев қазақтың бір руына ұран болған, осы Шиелі өңірінде дүниеге келген, бүкіл түркі халқының бірлігін армандаған ұлтжанды азаматтарымыздың ірі. Қыпшақтың«Қарасары» бұтағынан өрбіген Байсын араб, орыс, өзбек тілдеріне жетік, көзі ашық адам ретінде, әсіресе Сыр бойы халқына етене таныс тұлға.

 Байсын ХІХ ғасырда өмір сүрген, кезінде Есболды, Бұдабайды көз көрген, олармен бір жүрген замандасы.

 Байсын Көлдейұлының туған жылы туралы деректер әр түрлі. Ғұлама ғалым Әуелбек Қоңыратбайұлының  еңбектерінде ол 1856 жылы туып, 1917 жылы қайтыс болған. Байсынның туған ағасы Томан Сыр қыпшақтарының батыры болған адам. Оның немересі марқұм Сыздық Ережепұлының кезінде айтқанына сүйенсек, Томан 1830 жылы туылған. Ал Байсын одан 4-5 жас кіші болған деседі.

Байсын Көлдейұлы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңы мен сексенінші жылдардың ортасына дейін Ташкентте жеті жыл Бек болып елге оралғаннан кейін Шиелі өңіріндегі елді ұйымдастырып, канал қаздырып қалайда халықты сумен қамтамасыз етуге бар күшімен өзбек ағайындардан алған тәжірибесін, білімі мен беделін жұмылдырады. Бұл өңірдегі түрлі өзен, көлдер, сулы ойпат, арналар бір-бірімен байланыспай, бастау саға болмағандықтан Сырдария суымен толықтырылмай, ел тіршілігіне, егіншілікпен түбегейлі айналысуға, табиғатының түрленуіне елеулі септігін тигізе алмай отырғандығын зерттей келіп, мұны бір жүйеге салуды көздейді. Бұл мақсатқа халықты жұмылдырып, дарияның Төменарықтан төмендеу Қызылқұмға қарай кілт бұрылатын ұрма мойнына саға салып, сол жүйені Бидайкөлге қосқан. Екі арасы жыңғылды, шеңгелді, кебірлі болып жатқан Бидайкөлге дейін жеткізілген дария суы одан әрі Иіркөл, Ақөзек, Көк иірім, т.б. ірілі ұсақты су арналарына қосылып, Жансейіт, Оқшы өңіріндегі Ызакөлге жалғастырылып, бір жүйе құрап, Бәйгеқұмға жетеді. Осы жерде үлкен жұмыс жүргізіліп, Қанқожа су қоймасы жасалынады.

            Байсынның ағасы Томан ұрпағы Елена Сыздыққызы осы жайларды баяндай келіп: «Сыр бойы халқының осынау іс-әрекеттерінің арқасында бұл өңірде табиғат байлығы – қырғауыл, қоян, түлкі, балықтыңда өте молаюына кең жол ашылған», - деп жазады.

            Әлбетте мұндағы Байсын бабамыздың еңбегі ұлан-асыр. Бүгінде Ташкент қаласында Байсын атына көше берілуіде тегін емес. Ал оның туған жері Шиеліде Байсын каналы, Байсын ауылы, Байсын көшесі болуы – бүгінгі буынның аға ұрпаққа деген құрметі мен өткен тарихымызды қастерлеуінің куәсі.

Ауылдан шыққан белгілі тұлғалар

            Көлдейұлы Байсын.  1856 – 1917 жж. Ел аузындағы деректерге қарағанда жеті жыл Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында Бек болған. Елге келген соң Сырдария өзенінің Төменарық елді мекені тұсынан саға алып Бидайкөл табанына одан әрі Иіркөл, Ақөзек, Көкиірім өзегіне қосып Шиелі өңірін суландырған.

Байсын қаздырған арна Жансейіт, Оқшы ата ескі өзегіне қосылып, Қанқожа су қоймасын құрады. Қазір Байсын атында ауыл, аудан орталығында көше, канал бар.

Сәрсенбай Оразбек. 1938 ж туылған. 1957 ж №45 қазақ орта мектебін, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет факультетін бітірген.

Шиелідегі М.В.Ломоносов атындағы №47 мектепте мұғалім, 1966 ж Республикалық «Лениншіл жас» газетінде, «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасының бас редакторы, «Өнер» баспасының директоры, 1996 жылдан «Қайнар» баспасының бас директоры.

Ол 20 - әдеби кітаптың авторы. Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы (1987 ж), халықаралық «Алаш» (1994 ж), Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарын (2000 ж) алған, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен (2000 ж) марапатталған.

             Қоныспай Қалдыбек. 1940 ж Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1961 ж Қазақтың Еңбек Қызыл ту Орденді ауылшарушылық институтын бітірген, техника ғылымдарының кандидаты, 12 әдістемелік құрал мен 6 оқулықтың авторы, 62 ғылыми мақала жазған.

            Сәрсенбаев Әбілқасым. 1955 ж  Жаңатұрмыс ауылында туылған. Білімі жоғары. 1979 ж Н.В.Гоголь атындағы көркем-сурет училищесін, 1985 ж Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы театр және көркем сурет институтын бітірген. 1988-96 жылдар аралығында №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінде және Шиелі аудандық көркемсурет мектебінде қызмет атқарған.

             1997 жылдан Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында кафедра меңгерушісі, доцент. Республикалық бірнеше сурет көрмелерінің үйлестірушісі.

Видео ақпараттар

Scroll to top