ХАБАРЛАНДЫРУ -- " «Қызылорда облысы бойынша тексеру ..." -- 18 Наурыз 2019
Тұрғымбаев полицейлердің формасы неліктен ауыспайтынын түсіндірді -- "Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев не себепті ..." -- 13 Наурыз 2019
Қазақстан Эфиопиядағы оқиғадан кейін Boeing 737 MAX ұшағын уақытша ... -- "Қазақстанда Boeing 737 MAX маркалы әуе кемесінің ..." -- 13 Наурыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ -- "Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ..." -- 11 Наурыз 2019
Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айтты -- "Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік ..." -- 11 Наурыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 11 Наурыз 2019
Көпбалалы отбасылар жеке куәліктерін көрсетіп әлеуметтік көмек алатын ... -- "Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек ..." -- 05 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   2019 жылдың ..." -- 04 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Жыл басынан бері ..." -- 04 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Бірыңғай ..." -- 04 Наурыз 2019

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің түсіндірмесі

                        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитеті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінен тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы алынған ақпаратқа талдау және мониторинг жүргізді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесі қалыптастырылды, онда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу тәуекелдері қаралды, атап айтқанда: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағын бұза отырып, Мемлекеттік сатып алу туралы негізгі шарттардың сомасын ұлғайтуға қосымша келісімдер жасасу. Қалыптасқан тізбеге сәйкес, департамент 44 шарт бойынша қосымша келісімдер жасасудың заңдылығын зерттеді, оның қорытындысы бойынша 9 жағдайда негізгі шарттарға қосымша келісімдер мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұза отырып жасалғаны анықталды. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзудың барлық анықталған фактілері бойынша қаржылық ден қою шаралары қабылданды. Осыған байланысты, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қызылорда облысының барлық тапсырыс берушілеріне мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы уәкілетті органның тұрақты бақылауында екенін түсіндіреді.

Қызылорда облысы бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

камералдық бақылау бөлімінің басшысы

М. А. Умербаева

Видео ақпараттар

Scroll to top