Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады? -- "Наурыз айында ел тұрғындарын ұзақ демалыстар ..." -- 18 Ақпан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ..." -- 14 Ақпан 2019
"Шығара салуға болмайды": Асанов ақтаулық судьяға қатысты пікір ... -- "Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Ақтау қалалық ..." -- 14 Ақпан 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 22 ақпан күні, сағат 11:00 мен 12:30 ..." -- 14 Ақпан 2019
Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі -- "11 ақпанда Қазақстанның басым облыстарының кей ..." -- 11 Ақпан 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және қазақстандықтар үшін оның артықшылықтары -- "2019 жылдың 1 қаңтарынанбастапелімізде ..." -- 08 Ақпан 2019
"Ешкімнің басына бермесін": Сағынтаев өрттен көз жұмған қыздардың ... -- "Бүгін, 5 ақпан күні Астана қаласында өтіп жатқан ..." -- 05 Ақпан 2019
Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады -- "Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан ..." -- 05 Ақпан 2019
Астана әкімі бес баланың өлімінен кейін шұғыл отырыс өткізді -- "Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Көктал-1 ..." -- 04 Ақпан 2019
Назарбаев браконьерлермен күресте қаза болған Ерлан Нұрғалиевты ... -- "Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ..." -- 04 Ақпан 2019

Бүгін облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың Шиелі ауданына іс сапары барысында Төңкеріс ауылдық округі тұсынан өтетін «Самара-Шымкент» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 1942+200 шақырымындағы көпір құрылысымен танысты. Көпірдің жалпы ұзындығы 27 метр, ені 15 метр. Көпірдің су өтетін биіктігі (көпірдің астыңғы бөлігі): 3,80 метр, кірме жол 300 метр асфальт. 

Айта керу керек, «Самара-Шымкент» автомобиль жолының (1942+200 шақырым) К-3 қашыртқымен қиылысқан жерінде орналасқан көпірдің апатты болуына байланысты «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы құрылысын жүргізушілер тарапынан уақытша жаңа өткел салынған. 

Алайда, су өткізетін екі көзді бетон құрылғының төменгі деңгейі қашыртқының табанынан 1,5 м. биік болуына байланысты К-3 қашыртқысы суды тиісті дәрежеде тартпай, Шиелі кенті мен Н. Бекежанов елді мекенін ыза су басқан. Сондықтан жаңадан көпір салу мәселесі туындаған.

Бұдан кейін облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев Гигант ауылдық округінде «Жастар корпусын дамыту» (Zhasprojekt) аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың жұмысымен танысты. 

2018 жылы Шиелі ауданында «Жастар корпусын дамыту» жобасы қолға алынып жұмыс жасалуда. 

Аталған жобаны Халықаралық қайта құру және даму банкі арқылы қаржыландырылған. 

Жобаның мақсаты: Осал топтағы жастардың бастамаларына қаржылай қолдау көрсету және осы арқылы шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. 

Бұл жобаға 16-29 жас аралығындағы жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі жасқа 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар берілді. 

Шиелі ауданынан 86 жоба ұсынылып 30 жоба жеңімпаз болып танылған. Әрбір жобаға 1 миллион теңге көлемінде қаражат берілді. Тамыз айынан бастап, барлық жоба бойынша 96 жұмыссыз жас тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Сонымен қатар, Гигант ауылдық округінде заманауи үлгідегі «Бастау» сауықтыру кешені жабық бассейіннің ашылу салтанатты өтті. 

Ашылу салтанатында аймақ басшысы Қ.Е.Көшербаев:
Шиелі ауданында осындай үлкен нысанның ашылып жатқандығы өте қуанышты жағдай. Сіздердің болашақта денсаулықтарыңыздың нығайуына, бұқаралық спорттың дамуына үлкен үлесін қосады деп сенеміз. Игіліктеріңізге ұстаңыздар! – деді, өзінің құттықтау сөзінде. 

Жаңа спорт кешені суды жылытатын және тазартатын ең соңғы заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған. 

Бассейіннің ұзындығы үлкені 12х25 метр, тереңдігі 2 метр. Кіші бассейін 9х5 метр, тереңдігі 1 метр болады. 

Ол барлық стандарттарға сай етіліп жасалған.  

«Бастау» сауықтыру кешені жабық бассейіннің жалпы құны 180,1 млн.теңге. 

Спорттық сауықтыру бассейін жеке кәсіпкер Ерекеев Ғалымжан Жарқынбекұлының жеке қаражатына салынған. 

Игілікті нысанда 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.  

Сондай-ақ, ғимаратта аудан тұрғындары үшін бассейіннен басқа кең әрі қолайлы жаттығу және теннис залы, демалыс орны, үлкен және кіші жузу алаңы, массаж бөлмесі, асхана бөлмесі, сауна, ерлер мен әйелдер киіну бөлмесі, душ т.б. бөлмелер бар. Бағасы да тұрғындардың қалтасы көтеретін деңгейде. Сонымен қатар жүзу бассейнінің ашылуы – бұл спорттың дамуына ғана емес, тұрғындардың денсаулығына қосылған сүбелі үлес болып табылады. 

Осыдан кейін облыс әкімі Иіркөл ауылдық округі, Жақаев ауылына газ жүйесін іске қосудың салтанатты шарасына қатысты. 

Шиелі ауданында ауылдық елді мекендерге алғашқы қосылып отырған ақ күріштің атасы, даңғайыр дихан Ыбырай Жахаев ауылына көгілдір отын берілді.

Ы.Жақаев елді мекеніне «Ануқұрылыс» ЖШС, ал Бидайкөл елді мекеніне «Демеу ИК» ЖШС газ жүргізу жұмыстарын жүргізуде. 

Бүгінгі күні аталған елді мекендердің 393 тұрғын иелерімен келісім-шарттар жасалған. 

Шиелі кенті бойынша газ кіргізуге тұрғындардан 4 925 өтініш түсті. 

Оның 4 911-не монтаж жүргізіліп, бүгінгі күні 4 899-сы газ пайдаланып отыр.

Видео ақпараттар

Scroll to top