Шиелі аудандық мәслихатының аудандық және учаскелік сайлау ... -- "Шиелі аудандық мәслихатының аудандық және ..." -- 21 Қаңтар 2019
«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары -- "«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары Біз «БЖЗҚ ..." -- 18 Қаңтар 2019
Хабарландыру -- "Хабарландыру   «Шиелі аудандық ауыл ..." -- 18 Қаңтар 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 15 Қаңтар 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары -- "Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары ..." -- 15 Қаңтар 2019
Қарағандыдадағы кісі өлімі: Қашып кеткен армян азаматы Ресейде ұсталды -- "Бүгін Қазақстанның ІІМ криминалдық полиция ..." -- 09 Қаңтар 2019
Назарбаев жаңа сыртқы істер министріне тапсырма берді -- "Кездесу барысында президентке еліміздің сыртқы ..." -- 09 Қаңтар 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «25» желтоқсан ..." -- 26 Желтоқсан 2018
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ... -- "Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит ..." -- 21 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сұрақтар бойынша «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық ..." -- 20 Желтоқсан 2018

Шиелі өңірі – халқымыздың қашаннан береке, құт дарыған қасиетті ата қонысы. Қасиетті қонысты мекендеген халқымыздың бойында еңбекқорлық пен іскерлік, төзімділік пен қайсарлық бар.

27 қазан күнгі Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Алтын дән-2018» мерекесіне арналған салтанатты жиында Шиелі ауданы облыс көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерінен жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ. 

Биылғы жылы Шиелі ауданы 40 мың 613 тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі өндірілді. Оның ішінде 92 пайызы негізгі дақыл күріштің еншісінде. Жалпы аудан бойынша өндірілген өнім көлемі 15 316,6 млн.теңгені құрайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 105,6 пайызға артып отыр.  

Ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру бағытында жүргізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес Шиелі ауданы бойынша 2018 жылдың 1 қазанына дейін Ауғанстан Республикасына ауданнан 476 тонна күріш экспортталып, Ресей Федерациясының бірқатар қалаларына 10 тонна балық, 702 тонна бақша және 95 тонна көкөніс өнімдері шығарылған. 

Одан бөлек, биылғы жылдың шілде айынан бастап көкөніс және бақша өнімдерінен еліміздің бірқатар қалаларына 3500 тонна қауын, 3150 тонна қарбыз, 456 тонна қызанақ және 580 тонна қияр жөнелтілген.

Видео ақпараттар

Scroll to top