Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен -- "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт ..." -- 18 Қыркүйек 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ -- "ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА ..." -- 18 Қыркүйек 2018
Дария баққа жинаңыз -- "Дария баққа жинаңыз ..." -- 13 Қыркүйек 2018
Елбасы Түркістан қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді -- "Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан ..." -- 12 Қыркүйек 2018
Хабарландыру -- "«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ..." -- 10 Қыркүйек 2018
Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі -- "Ыстықкөлдің жағасында өткен Түркі елдері ..." -- 05 Қыркүйек 2018
«Евровидение-2018»: елімізде кімдер төрелік етеді? -- "«Евровидение-2018». Жас таланттардың жұлдызын ..." -- 25 Тамыз 2018
Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды -- "Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша ..." -- 22 Тамыз 2018

Өткен аптада Тайландтта өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ауыр атлетикадан жерлесіміз Асылжан Бектай сынға түсіп, қола медальды иеленді. Толағайдың жеңісті сәтін тікелей эфирден тамашалаған жұртшылық қуаныштарын әлеуметтік желілер мен сайттарда бөлісті. 

Бангкоктан ұшып келген Асылжан отбасына бармас бұрын алдымен аудан әкімінің қабылдауында болды. Спортшыны жеңісімен құттықтаған Қайратбек Сәрсенбаев «Қайда жүрсең де шиелілік екеніңді айта жүр. Жұрт Шиеліні сендер арқылы таниды», – деп, ыстық ықыласын білдірді. Содан соң спортшыға сәттілік тілеп, сый-сияпатын ұсынды. Әңгіме барысында аудан әкімі спорт бөлімінің басшысына алдағы уақытта ауыр атлетикадан сайыс өткізуді ұсынды.
77 келі салмақта сынға түскен Асылжан серпе көтеруден 166 келіні, жұлқа көтеруден 140 келіні бағындырды. Осылайша қазақ елінің атын әлемге шығарған спортшы ұлымыз алғашқы үштіктің қатарынан көрінді. Ал, командалық есепте қазақстандық спортшылар 4-ші орынға табан тіреді. Ауыр атлетші Асылжан Бектай енді мамыр айында Шымкент қаласында өтетін республикалық турнирге қатысады. Одан соң жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бақ сынау үшін Жапонияға жол тартпақ.

Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ

Видео ақпараттар

Scroll to top