АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «12» желтоқсан ..." -- 11 Желтоқсан 2018
БЖЗҚ туралы -- "Бүгінгі таңдахалық арасында жинақтаушы зейнетақы ..." -- 10 Желтоқсан 2018
2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ қызметініңмаңыздыкөрсеткіштері -- "2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 06 Желтоқсан 2018
Хабарландыру -- "Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 2018 жылғы 6 ..." -- 05 Желтоқсан 2018
Хабарландыру -- "2018 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 16.00-ден – ..." -- 04 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Бүгінгі күні жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайлы ..." -- 29 Қараша 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  Шара қорытындысы бойынша мақала   ..." -- 26 Қараша 2018
Экономика министрлігі полицейлердің жалақысы қашан өсетінін айтты -- "Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары ..." -- 22 Қараша 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРУ ... -- "Бүгін Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан ..." -- 22 Қараша 2018
ЖҮЙРІГІ ШИЕЛІНІҢ АТАНАМЫН -- "Кеше ауданымызда дәстүрлі өнерді жаңғырту, ..." -- 22 Қараша 2018

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары

2018 жылдың 20 қыркүйегінде Талаптан ауылдық округінің Бала би ауылының мәдениет үйінде «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» деген тақырыпта Ашық есік күні өтті. Шараға 100 ден аса адам қатысты. Ашық есік күні аясында «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Маханова Сапура жиналғандарға зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен даму бағыттары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы әңгімелеп берді.

Оның айтуынша, 1990-жылдары еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген сәтте гиперинфляция мен жұмыссыздықтың күрт өсуінен кеңестік дәуірден мұраға қалған зейнетақы жүйесі жарамсыз болып қалды. Осылайша зейнетақы жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ахуалға сай реформалау қажеттігі туындады. Реформаның басты мақсаты – азаматтардың қарттық шағына деген жауапкершілігіне негізделген  әлеуметтік әділдік қағидатына сай жүйе қалыптастыру, яғни, әр азаматты зейнетақы жүйесіне қосқан үлесіне сай зейнетақымен қамтамасыз ету болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 1997 жылы маусым айында ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң  қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Сол жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) құрылып, еліміздің зейнетақы жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл ойнаған алғашқы жеке қорлар да ашыла бастады.

Азаматтардың жинақтарын тиімді, қауіпсіз басқару мақсатында  2013 жылы МЖЗҚ-ның негізінде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры құрылды (БЖЗҚ). Қазақстанның зейнетақы жүйесі ортақ, базалық және жинақтаушы бөліктерден тұрады.Бірлескен зейнетақы бұрынғыша екі көзден қаржыландырылып, мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленеді, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинақтарынан төлем жасалады.

Жүйені одан әрі жетілдіру «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін  одан әрі модернизациялау тұжырымдамасына» сай жүргізілуде. Осыған сай, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жасы келуіне байланысты зейнеткерлерге тағайындалатын базалық зейнетақы көлемі барлығына бірдей емес: ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзіміне байланысты. Азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін енгізілген бұл өзгеріс базалық зейнетақыны екі есе өсіруге мүмкіндік береді.

Бүгінде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бірыңғай әкімгері және операторы. Қорда барлық келісім түрлері бойынша 10, 25 млн.жеке зейнетақы шоттары шоғырланған,зейнетақы  шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 8,8 трлн. теңге.

Осы шараға «МӘСҚ» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша директоры Денеева Г.Ж., Шиелі ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы Ныгметов Ш.М., және Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Избенова Г.К. қатысты.

Шараға қатысушылар сонымен қатар өздерін толғандыратын жеке сауалдарына да жауап алды. БЖЗҚ Ашық есік күндері 2017 жылдың басынан бері өткізіліп келеді. Осы уақыттан бері шараға 24 мыңға тарта қазақстандық қатысты.

«БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы

Видео ақпараттар

Scroll to top