
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен Төңкеріс ауылдық округі, Шеген Қодаманов ауылында жаңа спорт кешені салтанатты түрде ашылды.
Біздің дана халқымыз «Жаны сергектің тәні сергек» деп тегін айтпаған. Бүгінгі зымыран заманның талабы да белгілі: тек дені сау ұлт қана мына мың құбылған әлемде бәсекеге қабілетті бола алады. Ендеше, бұл спорт кешенінің ашылуы тек спортшылар үшін ғана емес, баршамыз үшін қуаныш – деді аймақ басшысы Қ.Е.Көшербаев.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Төңкеріс - К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Көпеев Бауыржан Амангелдіұлының жеке қаражатына жобалық құны 97 млн. 300 мың теңгенің жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.
Елбасы Жолдауындағы 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында Шиелі ауданында заманауи спорт алаңдары, дене шынықтыру жəне сауықтыру алаңдары көптеп салынуда.
Былтырғы жылы ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақмая ауылынан жобалық құны 70 млн. теңгені құрайтын спорт кешені пайдалануға берілсе, биылғы жылы 42 млн. теңгенің спорт кешені Алғабас ауылында халық игілігіне табысталды. Сондай-ақ, Еңбекші, Жөлек ауылдарынан да дәл осындай кең спорт кешендері іске қосылды. Сонымен бірге, Керделі, Бестам ауылдық округтерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорттық сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде.
Бидайкөл ауылдық округі, Гигант ауылдық округінен жобалық құны 180 млн. 102 мың теңгенің жабық жүзу бассейінінің құрылысы аяқталды.
-
Жаңартылған уақыты: 18 Қыркүйек 2018
Кірушілер есебі
Бүгін | 114 |
Кеше | 347 |
Осы аптада | 838 |
Осы айда | 5778 |
Барлығы | 101831 |
Видео ақпараттар
Жиі қаралатын ақпараттар
- «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
- Мемлекет басшысы Еуропалық іскерлік топ өкілдерімен кездесті
- «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық- материалдық құндылықтарды
- Атауы жоқ көшеге атау беру туралы
- "Ешкімнің басына бермесін": Сағынтаев өрттен көз жұмған қыздардың ата-анасына көңіл айтты
- АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
- ЕГІНІ ЖАЙҚАЛЫП, ҮЗДІК ШЫҚҚАН ШИЕЛІ