Шиелі аудандық мәслихатының аудандық және учаскелік сайлау ... -- "Шиелі аудандық мәслихатының аудандық және ..." -- 21 Қаңтар 2019
«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары -- "«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары Біз «БЖЗҚ ..." -- 18 Қаңтар 2019
Хабарландыру -- "Хабарландыру   «Шиелі аудандық ауыл ..." -- 18 Қаңтар 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 15 Қаңтар 2019
Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары -- "Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары ..." -- 15 Қаңтар 2019
Қарағандыдадағы кісі өлімі: Қашып кеткен армян азаматы Ресейде ұсталды -- "Бүгін Қазақстанның ІІМ криминалдық полиция ..." -- 09 Қаңтар 2019
Назарбаев жаңа сыртқы істер министріне тапсырма берді -- "Кездесу барысында президентке еліміздің сыртқы ..." -- 09 Қаңтар 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «25» желтоқсан ..." -- 26 Желтоқсан 2018
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ... -- "Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит ..." -- 21 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сұрақтар бойынша «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық ..." -- 20 Желтоқсан 2018

ШЕКАРАНЫҢ БЕРІКТІГІ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Шиелі ауданында 18 тамыз - Қазақстан Республикасының Шекара қызметінің құрылған күніне орай мерекелік қабылдау шарасы өтті. Осыған орай шекара қызметкерлері мен Тәжік-Ауған шекарасында борышын өтеген азаматтарға құрмет көрсетіліп, мерекелік медаль табысталды. 
«Шиелі» шекара комендатурасына қарасты «Тұщықұдық», «Қосмаман», «Ұзынқұдық», «Далақұдық» шекара заставалары кіріп, бөлімше, Өзбекстан республикасымен жалпы 270,1 шақырым құрайтын Мемлекеттік шекара аумағын абыроймен күзетуде. 
Кәсіби мерекеге арналған салтанатты шараға Тәжік-Ауған шекарасы аумағындағы әскери ұрыс қимылдарында ерлікпен қаза тапқан Ержан Әбдиевтің анасы Құндызай Сейітқазымқызына дұшпанға қалқан, халыққа қорған болған қайсар ұлды тәрбиелегені үшін, алғыс білдіріп, «Асыл ана» медалі ұсынылды.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мерекелік қабылдау шарасынан кейін №20/19 әскери бөліміне қарасты «Шиелі» шекара комендатурасымен «Ұзын құдық» шекара заставасының тыныс тіршілігімен танысты. 
«Ұзын құдық» шекара заставасында қару-жарақ пен әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Сала мамандары қылмыскерді құрықтау мен қоян-қолтық күрес өнерін паш етті. 
Шекарашылар мойнына жүктелген міндет жеңіл емес. Күнделікті қарауылда болып, ұлт қауіпсіздігі үшін жауап беретін әскерилерді Шекара қызметінің құрылған күнімен құттықтап, еліміздің тыныштығы сарбаздардың қолында!– деп аудан әкімі Әшім Оразбекұлы сарбаздарға сенім артты.

Видео ақпараттар

Scroll to top