АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «12» желтоқсан ..." -- 11 Желтоқсан 2018
БЖЗҚ туралы -- "Бүгінгі таңдахалық арасында жинақтаушы зейнетақы ..." -- 10 Желтоқсан 2018
2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ қызметініңмаңыздыкөрсеткіштері -- "2018 жылдың 1 қарашасынақарай «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 06 Желтоқсан 2018
Хабарландыру -- "Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 2018 жылғы 6 ..." -- 05 Желтоқсан 2018
Хабарландыру -- "2018 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 16.00-ден – ..." -- 04 Желтоқсан 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Бүгінгі күні жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайлы ..." -- 29 Қараша 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "  Шара қорытындысы бойынша мақала   ..." -- 26 Қараша 2018
Экономика министрлігі полицейлердің жалақысы қашан өсетінін айтты -- "Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары ..." -- 22 Қараша 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРУ ... -- "Бүгін Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан ..." -- 22 Қараша 2018
ЖҮЙРІГІ ШИЕЛІНІҢ АТАНАМЫН -- "Кеше ауданымызда дәстүрлі өнерді жаңғырту, ..." -- 22 Қараша 2018

– Мына суы құрғыр соңғы кездері дұрыс келмей жүр ғой. Былтырлары жазда да уақытылы сылдырлап ағып тұрған еді. Биыл не көрінген?
– Иә, айтпа су ағатын құбырды аңдып тұрып ыдыс­­тарымызды толтырып алып жүрміз. Анау орталықта тұратындар есіктерінің алдына дейін тұщы сумен суарып жатыр дейді ғой. Үйіміз биіктеу жерде орналасқан соң кесірі мына біздерге тиіп жатыр. Ішетін судың өзін әрең дегенде аламыз.

Бұл аудан тұрғындарының дәл қазіргі түйіні тарқатылмай тұрған мәселесі. Бірі ауыз суды ақпай қала ма екен деп үйіндегі ыдыс біткеннің бәрін толтырып алып отырса, енді бірі тұщы сумен жайбарақат есігінің алдындағы егінін суаруда. Қызық, бұған дейін емін-еркін пайдаланып отырған ауызсу неге биыл қиындық туғызды? Бұл қолдан жасалынған әрекет пе, әлде тұрғындардың жауапсыздығынан ба? Жалпы, ауданға ауызсу қайдан келеді? Біз де көпшіліктің көкейіндегі түйткілді мәселені тарқатуға тырыстық.
Осыдан бірнеше жыл бұрын мақсаты биік «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының аясында еліміздің түпкір-түпкіріне сапалы ауыз су жеткізу ісі қолға алынғаны мәлім. Бұл жоба әлі де болса жалғасын тауып келеді. Бағдарламаның игілігін көптен бері аңсап, екі көше әрі асып шелекпен су тасып ішіп жүрген шиеліліктер де алғашқылардың бірі болып сезініп үлгерді. Қазынадан 1 млрд. 500 млн. теңгеден аса қаржы қаралып, нәтижесінде тұрғын үйлердің ішіне дейін тұщы су кіріп, аудан халқы бір жасап қалды.
Бізге келетін таза ауыз судың бас сағасы Сүттіқұдық ауылында орналасқан екен. Мұндағы табиғи ауыз су ешқандай фильтрден өтуді қажет етпейді. Тек аптасына 3 мәрте сараптама жасалып, жылына 2 рет хлорланып тұрады. Осы бас сағадан шыққан су Ш.Қодаманов пен Н.Бекежанов ауылдарының маңында орналасқан 3-ші бекетке келіп құяды. Мұндағы 20 мың текше метр тіршілік көзін сақтауға мүмкіншілігі бар қойма арқылы кент іші мен 16 елді мекенге тұщы су жіберіледі. Нақтысы, ұзындығы 36,6 км, диаметрі 400 мм-ді құрайтын құбырдан ауданымызға тәулік бойы 6-7 мың текше метр су келіп тұр. Десе де, бас сағадан шыққан су тікелей бізге келе қоймайды, жолда орналасқан Жаңақорған ауданына қарасты Екпінді, Сунақ ата, Еңбек, Қожамберді, Төменарық ауылдарының тұрғындары да осы саға арқылы тіршілік көзін тұтынып отыр.
Біздегі ауыз су тапшылығының бір себебі осы болса, екіншісі – тұрғындардың немқұрайлылығы. Бұлай дейтініміз, бас сағаға жақын немесе төменгі жақта орналасқан тұрғындар тек ішуге арналған суды құрылыс жұмыстарына, есік алдындағы бақшасына бей- берекет пайдалануда. Нәтижесінде шалғайдағы елді мекендерде су тапшылығы байқалып жүр.
Бұл туралы «Жиделі топтық су құбыры» аудандық бөлімшесінің басшысы Асылбек Сәрсенбаев «Қыс мезгілінде ауыз су тоқтамастан 24 сағат бойы ағып тұрғанның өзінде тұрғындар тәулігіне 2500-3000 текше метр ғана су тұтынады. Ал, жаз басталса біздің жұмысымыз да қиындай түседі. Мәселен, осы күндері аудан ішіне бір тәулікте 7000 текше метрге дейін су келіп тұр. Мұның өзі жетпей жатыр. Оның үстіне бастапқыда 71 км жерге ауыз су жүргізілсе, 2015 жылдан бастап тағы да 68 шақырым аумақ тұщы суға қосылды. Осы құбыр арқылы өткен жылдан бастап Бидайкөл, Алғабас, Алмалы ауылдарына таза ауыз су жеткізіліп келеді. Ал, биыл Досбол би мен Ә.Тәжібаев елді мекендері қосылады деп жоспарлануда. Ауыз судың жеткізілетін ауқымы үлкейгенімен, тіршілік көзі сол бір ғана құбыр арқылы келіп жатыр. Сондықтан, тұрғындар түсіністікпен қарап, ауыз суды орнымен пайдаланса екен», – деп, өтінішін білдірді.
Расында сусыз тынымды тіршілік пен мардымды еңбек алға баспайтынын ескерсек мекеме басшысының сөзіне құлақ асқанымыз жөн. Деректер бойынша, облыс бойынша ауыз суды ең көп тұтынатын өңірлердің қатарына жатады екенбіз. Мәселен, егіншілікпен айналыс­пайтын құмды жерлерде орналасқан ауыз су тұтынушы тұрғындары бізден 2 есе көп Арал, Қазалы аудандарының тұрғындары тәулігіне әрі кетсе 3500 текше метр ғана тіршілік көзін тұтынады екен. Ал, біздегі небәрі 47 мың тұщы су тұтынушыға күнделікті 7000 мың текше метр жетпей жатыр. Осыдан-ақ біздегі судың қаншалықты бей-берекет жұмсалып жатқанын аңғаруға болады. Мамандар бас сағадан тікелей өңірімізге келетін, диаметрі 600 мм-ден кем емес құбыр жүргізу мақсатында жұмыстар жасалып жатқанын айтады. Егер жоспарлары іске асса аудан тұрғындары ауыз судан тапшылық көрмейтініне сендіруде.
Әр нәрсенің қадіріне жетіп, ысырапты жаны сүймейтін тектілердің ұрпағы емес пе едік? Күрмеуі қиын мәселені одан әрі қиындатпай әрқайсысымыз тұщы суды орнымен пайдалануды өзіміз бірінші болып бастайық. Біздің ысырап етіп пайдаланып жатқан iшуге жарамды суымызға дүние жүзiндегi 1 миллиард адам зәру екендігін де естен шығармаған абзал.
Гүлхан ЯХИЯЕВА

Видео ақпараттар

Scroll to top