БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар ..." -- 14 Маусым 2019
Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту -- "2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан ..." -- 04 Маусым 2019
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты -- "Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік ..." -- 03 Маусым 2019
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ..." -- 03 Маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң ... -- "Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен ..." -- 03 Маусым 2019
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ -- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ..." -- 30 Мамыр 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылдың 23 мамыр күні сағат 15:00 мен 16:00 ..." -- 22 Мамыр 2019
«Бес сұрақ» айдары -- "Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. ..." -- 20 Мамыр 2019
Мүдделі тұлғаларға қатысты АҚПАРАТ -- "Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі Қызылорда ..." -- 17 Мамыр 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы «13» мамыр -- "Шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 15 Мамыр 2019

Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев ауылы тектілігімен аты шыққан айтулы өңір. 1929 жылы қадасын қағып «Қызылту» деп атын қойып, тұңғыш төрағасы боп сайланған дуалы ауыз Сыздық Боқайұлын еске алуға арналған «Сыздық Боқайұлы туралы сөз» ғылыми – танымдық конференция Ы.Жақаев ауылдық мәдениет үйінде өткізілді. 

Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы конференцияда алғы сөзін алып, Сыздық Боқайұлының азаматтық тұлғасы, қайраткерлік қасиеті мен іскерлік қабілетін жете дәріптеліп, атап өтті.
Конференцияда жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, Сыздық Боқаевтың ұрпағы Қуандық Түменбай баяндама жасап, филолог – ғалым, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ғаниұлы Ахет, көзін көріп, қызметтес болған еңбек ардагері, «ауданымыздың Бибіпатымасы» Ұлман Мәміреева естеліктер айтты. 
Сыздық Боқайұлы Кеңес үкіметі құрылған 1917 жылдан бастап 1924 жылдарға дейін Ташкент-Орынбор темір жолында томар тасушылар бригадасын басқарған. Кейінгі жылдары МТС директорының көмекшісі, директоры, аупартком нұсқаушысы т.б қызметтерді абройлы атқарған.
Сонымен қатар, Иіркөл ауылдық округі, Ы.Жақаев ауылының Сыздық Боқаев атындағы көшеге ескерткіш белгісі қойылып, салтанатты ашылуы және Сыздық Боқаевты еске алуға арналған аудан ардагерлері арасында шахматтан жарыс өткізілді.
Осындай ерекше мінезімен ерекшеленіп, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен еңбек ардагерлерін кейінгі ұрпаққа үлгі қылып қалдыру мақсатында үлкен шаралар ұйымдастырылды.

Scroll to top