2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша негізгі көрсеткіштерге шолу -- "2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша негізгі ..." -- 15 Тамыз 2018
Каспий саммиті жылдар бойы шешілмей келген сұраққа нүкте қоюы мүмкін -- "Каспийді жағалай орналасқан 5 мемлекет осы аптада ..." -- 10 Тамыз 2018
«Хабар» Агенттігі мен КBS ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды -- "«Хабар» халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән ..." -- 10 Тамыз 2018
Павлодар облысында екі ауданның атауы өзгертілді -- "Елбасы Жарлығымен Павлодар облысының Качир, ..." -- 09 Тамыз 2018
Мемлекет басшысы ҚР Бас прокуроры Қ.Қожамжаровты қабылдады -- "Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа ..." -- 09 Тамыз 2018
«СЫЗДЫҚ БОҚАЙҰЛЫ ТУРАЛЫ СӨЗ» ҒЫЛЫМИ – ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ -- "Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев ауылы тектілігімен ..." -- 08 Тамыз 2018
ҚР ДСМ валсартаны бар препараттарды қайтарып алу себебін түсіндірді -- "Ел дәріханаларында «Вазар 80мг», «Вазар-Эйтч» ..." -- 03 Тамыз 2018
5 сұрақ -- "Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, ..." -- 02 Тамыз 2018
Ұлттық банк ипотекалық қарыз бойынша банктерге комиссия алуға тыйым ... -- "Ұлттық Банктің бастамасы бойынша 2018 жылғы 16 ..." -- 02 Тамыз 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, ..." -- 31 Шілде 2018

Қарттық шақта қамсыз өмір сүру үшін қандай қарекет жасау керек? Менің зейнетақы шотымда қанша қаржы жиналды? Зейнетақы активтерінің табыстылығы қандай? Бұл сауалдар зейнетақы қорына жарна жинап жүрген әрбір азаматты толғандыратыны анық.  Қазақстандықтардың осы сарындас сұрақтарға жан-жақты жауап алуға мүмкіндігі бар. 20 маусым күні Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық өңірлік филиалдарында Ашық есік күні өтеді. Жұртшылықпен кезекті кездесудің тақырыбы  - «Зейнетақы жинақтары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері».  Шара қарсаңында біз Қордың   Қызылорда облыстық филиалының директоры Құрманғали Арнұр Дәденұлы мырзаны  әңгімеге тартқан едік.

Сұрақ: БЖЗҚ Ашық есік күндерін жүйелі өткізіп келе жатқанына екінші жыл. Бұл шараның қажеттілігі неде? 

  • Бұл жобаны біз былтырғы жылдың басынан бастап қолға алдық. Осы уақыт ішінде оған республика бойынша 19 мыңнан астам адам қатысты. Зейнетақы қалай есептеледі, бұл салаға қатысты қандай заңнамалық өзгерістер бар? Кең ауқымды түсіндірмелік жұмыстарға қарамастан, халықтың зейнетақы қорына қатысты сауалдары әлі де баршылық. Ашық есік күні жұртшылықтың зейнетақы жүйесі туралы мағлұматын кеңейтіп қана қоймай, өздеріне қатысты жеке сұрақтары бойынша мамандардан кеңес алуға мүмкіндігі бар.  Қазақстандықтардың зейнетақы тақырыбына жоғары қызығушылығын ескере отырып, Қор басшылығы шараны жүйелі түрде өткізу туралы шешім қабылдады.   

Сұрақ: Қазақстанда қандай зейнетақы түрлері бар? Оған кім иек арта алады? 

- Қазіргі таңда зейнетақы жарналараның үш түрі бар.  Оның біріншісі – міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс беруші жұмыскердің айлық табысының 10 пайызы көлемінде аударып отырады.  Екіншісі – міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын жұмыс беруші зиянды жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлердің есепшотына айлық табысының 5 пайызы көлемінде аударады.  Ал, үшінші- ерікті зейнетақы  жарнасы өзінің зейнет кезеңін жоспарлап,   қарттық жасындағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға дайын азаматтарға арналған. Жарнаның бұл түрінің сомасын салымшы өз ықтиярына қарай белгілей алады.  Өкінішке орай, азаматтардың зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы білімі біркелкі емес. Осының салдарынан кей азаматтарымыз зейнетақы шағын дұрыстап жоспарлай алмайды, ал кейде тіпті бұл кемшілік олардың құқықтарының шектелуіне әкеліп жатады. Сондықтан Ашық есік күні аясында біз бұл тақырыпқа ерекше тоқталып өтуді жөн санадық.

   Сұрақ: Ашық есік күнінің екінші тақырыбы – жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістері. Бұл тақырыптың маңыздылығы неде?

  • Бұл да өте өзекті тақырып. Себебі азаматтарды өз зейнетақы шотында қанша жарна жиналғаны, олардың қаншалықты тиімді инвестицияланғаны әрдайым алаңдатады. Зейнетақы қоры салымшылары мен алушыларын бұл туралы әрдайым құлақтандырып отырады. Ал соңғы жылдары ақпараттандыру тәсілдері айтарлықтай кеңейді. БЖЗҚ уақыт талабына сай дамып келеді. Қашықтық арқылы қызмет көрсетуге есептелген көптеген жаңа электрондық сервис түрлері қолданысқа енгізілді. Енді кеңсеге барып, кезекте тұрмай-ақ қызмет алып, уақыт үнемдеуге болады. Зейнетақы шотының жағдайын үйде отырып-ақ, тіпті ұялы телефон арқылы да қадағалауға болады.  2017 жылы Қорды электрондық  операцияларының көрсеткіші 52 пайызға жеткен.  Мұндай қызмет түрлерін біз одан әрі де жетілдіре бермекпіз. Цифрландыру – сән қуу емес, бұл біздің өмірімізді барынша қолайлы ететін уақыт талабы.  Сондықтан біз жұртшылықты бұл мүмкіндіктермен кеңірек таныстырмақпыз.   

 ЖЗШ-дан үзінді-көшірме алудың қандай нақты түрлері бар? Зейнетақы рәсімдеуді есептемегенде бұл ең көп сұранысқа ие қызмет түрі ғой. 

Қазіргі таңда тек ЖЗШ-дан көшірме алу ғана емес, БЖЗҚ-ның көптеген қызмет түрлері электрондық  нұсқаға  көшірілген.  Қор салымшылары мен алушыларына өз жарналары туралы ақпаратты қашықтықтан  алуға мүмкіндік беретін ыңғайлы әдістерін ұсынып отыр.  Ал «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының енгізілуі бұл мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтуде.   Қысқаша тоқталар болсам, қазір  мұндай ақпаратты электрондық пошта арқылы ғана емес, Қор сайтында жеке кабинет ашу арқылы, EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы да алуға болады.      Android, iPhone, iPad, Windows Phone операциялық жүйелеріне есептелген  мобильді қосымша да жұртшылық арасында үлкен сұранысқа ие. Әрине, ақпарат алудың белгілі бір тәсіліне жүгіну үшін  Қор кеңсесіне келіп  өтінім жазу, электрондық цифрлық қолтаңбаға жүгіну сынды белгілі талаптар бар.  Дегенмен, бұл  дәстүрлі қызмет түрлерінен әлдеқайда қолайлы екені анық. Осы жаңа қызмет түрлерімен біз жұртшылықты Ашық есік күнінде кеңірек таныстырмақпыз. Сонымен қатар,  азаматтарға қосымша сұрақтары бойынша жеке кеңес беруге дайынбыз. Сондықтан жұртшылықты 20 маусым күні сағат 10:00 мен 17:00 аралығында Қызылорда қаласы, Тәжібаев көшесі, 26 мекен-жайында асыға күтеміз.

  • Әңгімеңізге рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Видео ақпараттар

Scroll to top