Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен -- "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт ..." -- 18 Қыркүйек 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ -- "ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА ..." -- 18 Қыркүйек 2018
Дария баққа жинаңыз -- "Дария баққа жинаңыз ..." -- 13 Қыркүйек 2018
Елбасы Түркістан қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді -- "Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан ..." -- 12 Қыркүйек 2018
Хабарландыру -- "«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ..." -- 10 Қыркүйек 2018
Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі -- "Ыстықкөлдің жағасында өткен Түркі елдері ..." -- 05 Қыркүйек 2018
«Евровидение-2018»: елімізде кімдер төрелік етеді? -- "«Евровидение-2018». Жас таланттардың жұлдызын ..." -- 25 Тамыз 2018
Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды -- "Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша ..." -- 22 Тамыз 2018

18 мамыр күні ауданы әкімі Ә.Оразбекұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі арнайы кеңейтілген мәжіліс отырысы болып өтті.

Мәжіліс отырысында аудандық мемлекеттік қызмет көрсетілу рәсімдерінің өткізілу ашықтығын арттыру барысы және сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмау бағытында қабылданып жатқан шаралар барысы және өзге де мәселелер талқыланды. 
Жиында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Қызылорда облысы бойынша департаментінің оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының бастығы Р.Тілеп «Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің 200 - бабының талабына сәйкес орын алған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қолдану туралы ұсынудың қаралуы жөнінде» кеңінен тоқталып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен бірге, «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.Күлбаев «2018 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен Шиелі ауданы әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы» баяндап өтті.
Мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күннің басты мақсаты екендігіне баса мән берген аудан әкімі Әшім Оразбекұлы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары аясындағы жұмыстарды жандандыруды, азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп түсіндірме жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

Видео ақпараттар

Scroll to top