ШИЕЛІДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ... -- "18 мамыр күні ауданы әкімі Ә.Оразбекұлының ..." -- 21 Мамыр 2018
Қазақстан елшісі Ирландия президентіне сенім грамоталарын тапсырды -- "17 мамырда Қазақстанның Ирландиядағы елшісі ..." -- 18 Мамыр 2018
Елбасы Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына арналған ... -- "Биыл еліміздің маңдайалды оқу орындарының бірі ..." -- 18 Мамыр 2018
Мемлекет басшысы «Hotel Properties Limited» компаниясының негізін ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сингапурлық ..." -- 16 Мамыр 2018
Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ... -- "Елбасы Батыс Қазақстан облысының ..." -- 16 Мамыр 2018
Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму ... -- "Жиында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің 2017 жылдың ..." -- 15 Мамыр 2018
16 мамыр күні еліміздегі ауа райы қандай болады? -- "16 мамырда атмосфералық фронттардың өтуіне ..." -- 15 Мамыр 2018
ШИЕЛІДЕ БАТЫР БАБА ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ -- "13 мамыр күні батыр - баба Тұрсынбай ..." -- 15 Мамыр 2018
Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесі ... -- Зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені ..." -- 03 Мамыр 2018
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым ..." -- 02 Мамыр 2018

 «БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-де

Қызылорда қаласы, Тажибаев көшесі 26 үй  (Саркырама каланының бойында) мекен-жайы бойынша өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.

Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі: 

  • зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;
  • зейнетақы жүйесіне 01.01.2018 жылдан бастап енгізілген өзгерістер;
  • кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;
  • 01.2018 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу;
  • базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер.

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді.  Қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орайөздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да  жеке кеңес ала алады. 

enpf.kz

Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл) 

2018 жылдың 27 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында биыл алғаш рет Ашық есік күні өтеді. Аталмыш шара әдеттегідей барша салымшылар мен алушылар үшін өте өзекті  тақырып – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге арналмақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындардың арасында түсіндірмелік жұмыстарды белсенді жүргізіп, салымшыларға зейнетақы жүйесіне қатысты кешенді сауалдар бойынша жан-жақты мәлімет беруде.   

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – зейнетақы жинақтарының тиімділігін арттыру.  Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі зейнетақыны зейнеткерлерге еңбекке жарамсыз жаста жүйелі табыстың  лайықты көлемін қамтамасыз ету мақсатында  түрлі төлем  көздерінен, нақтылар болсақ, мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен (бұл базалық және ортақ зейнетақы) және салымшының өз қаржыларынан (жинақтаушы компонент, БЖЗҚ-ның төлемдері) берілетін қаржы ретінде қарастырады.

2014 жылы Мемлекет басшысы бекіткен Зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес, зейнетақы жинақтарын бір мәрте шешіп алуға шектеу қойылып, ай сайын төлем жасау тәртібі бекітілді. Бұл шаралар зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру, бюджет есебінен және жинақтаушы зейнетақы есебінен жасалатын зейнетақы төлемдерінің ортақ көлемін ұлғайтуға бағытталған.

 Бүгінде зейнеттегі азаматтарға төленетін зейнетақының 80−85% мемлекеттік зейнетақыдан құралады. Бұл жағдай біртіндеп өзгермек. 2018 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар 2040 жылдан бастап зейнетке  шыға бастағанда олар тек өз жинақтары мен базалық зейнетақыға иек арта алады.   Әрі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың зейнетақысы    жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне қатысты белгіленеді.

  Яғни, зейнетақымен қамту деңгейі   мемлекет пен жұмыс берушінің жарнаны уақытылы аударуына ғана емес, азаматтың өзіне көбірек байланысты болмақ», -деп атап өтті «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының өкілдері.

Зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енген және таяу болашақта енгізілетін басқа да өзгерістермен қор  мамандары 27 наурызда өтетін шара барысында кеңірек таныстырады.  Сонымен қатар, салымшылар мен алушылар Ашық есік күні барысында өздерін толғандыратын сауалдарға жан-жақты жауап алып, мамандармен жеке кеңесе алады.

  Естеріңізге сала кетейік, «БЖЗҚ» АҚ алғаш рет Ашық есік күнін тура бір жыл бұрын «Зейнетақы жүйесінің құрылымы қандай?» деген тақырыпта өткізген болатын. Салымшылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие мұндай шараларды Қор жүйелі түрде әрбір тоқсан сайын ұйымдастырып келеді.

Видео ақпараттар

Scroll to top