ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ -- "ШИЕЛІДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ ..." -- 25 Маусым 2018
ҰБТ: еліміз бойынша орташа көрсеткіш – 83 балл -- "Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы 3 күнінің ..." -- 25 Маусым 2018
Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болды -- "Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт ..." -- 21 Маусым 2018
БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті -- " Қызылорда          ..." -- 20 Маусым 2018
Алматының Алмалы ауданында көп қабатты үй өртенді -- "Алматының Алмалы ауданында 5 қабатты үйдің шатыры ..." -- 18 Маусым 2018
Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кету себебі анықталды -- "Жамбыл облысында «Астана-Алматы» бағытындағы ..." -- 18 Маусым 2018
Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады -- "«Құрметті отандастар! Баршаңызды күллі әлем ..." -- 15 Маусым 2018
Альварестің промоутері: Головкинмен 15 қыркүйекте жекпе-жек ... -- "Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя 15 ..." -- 15 Маусым 2018
2018-2019 оқу жылына арналған білім гранттарының мамандықтар бойынша ... -- "2018-2019 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша ..." -- 14 Маусым 2018
Елімізде шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып ... -- "Елбасы Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол ..." -- 14 Маусым 2018

 БЖЗҚ-ның жаңа цифрлық сервистері 

Алматы, Қазақстан – Ағымдағы жылы ақпан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің ресми сайтының дизайнын жаңартты. 

Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды және заманауи сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта пайдаланушылар үшін оның құрылымын, беттерін аралау өте ыңғайлы. Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды.

Ақпараттар легі жақсы қабылдануы үшін Қор артық бөлімдерді жойып, басты беттің құрылымын өзгертті. Енді www.enpf.kz сайтына кіріп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәліметтермен танысып, Қордың жіберіліміне жазылуға болады.   

Сайттың құрылымына өзгерістер енгізудегі басты мақсат – сайтты түсінікті және барынша қолжетімді ету. Сонымен қатар маңызды және шынайы ақпараттар алу жағына баса назар аудару.  Сайт Қор мамандарының күшімен жасалды. Бұған қандай да бір қаражат жұмсалған жоқ.   

Порталды жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғасуда: қазір БЖЗҚ қызметкерлері салымшылар мен алушылардың қажеттіліктеріне негізделген цифрлық сервистер топтамасын дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 28 ақпанынан бастап Қор сайтында жаңа сервис: «ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» (немесе «Көшірме нұсқалар») қызметі іске қосылды. Бұл қызмет Қор салымшылары арасында ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, 2016 және 2017 жылдары БЖЗҚ бөлімшелерінде шарттардың 2,9 миллионнан астам «көшірме нұсқалары» берілді.

Енді Қор сайтындағы Жеке кабинетке логин және құпия сөз (пароль) арқылы кіре алатын, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілтіне ие қазақстандықтар бұл қызметтерді қашықтықтан пайдалана алады.  

2018 жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейін Қор сайтында ЭЦҚ арқылы ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу мүмкіндігі жүзеге асырылады.   

Естеріңізге сала кетелік, 2017 жыл барысында Қор сайтында бірқатар жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Солардың көмегімен Қордың негізгі қызметтерін қашықтықтан пайдалануға болады. Олар атап айтар болсақ: Қордың ресми сайтына кіріп, «Жеке кабинет» бөлімі арқылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру. Сол өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу және зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірмені электрондық поштаға жіберу мүмкіндігі.

Қор сайтты жаңарту және цифрлық қызметтерді дамытумен ғана шектеліп қалмайды. Сонымен қатар ұялы байланыс операторларымен де белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. Ондағы мақсат – абоненттерге ENPF ұялы қосымшасын трафикті есепке алмай пайдалануға мүмкіндік беру.  

Қазірдің өзінде Tele2 және Altel бірлескен компаниясының абоненттері өздерінің шоттарында теңгерімнің бар-жоғына қарамастан Қордың ұялы қосымшасын пайдалана алады. БЖЗҚ жақын уақытта басқа да операторлармен осындай келісімдер жасауды жоспарлап отыр.

БЖЗҚ электрондық қызметтерді деректерді талдау және дербестендіру негізінде көрсетеді. Бұл ретте салымшылар мен алушылар, яғни сервистерді пайдаланушылардың қажеттіліктері ескеріледі. Бұл барлық санаттағы адамдарды және олардың қызмет саласын қамтуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияларды ең алдымен электрондық сервистер саласында дамыту – БЖЗҚ қызметінің басты бағыттарының бірі. 

Айта кетелік, қазіргі кезде электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 52 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейін оны 55 пайызға жеткізу жоспарланған.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Зейнет ақы туралы жие қойылатын сұрақтар

  1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін не қажет?

Жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасын алып, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның кез-келген бөлімшесіне барып, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беруі тиіс.  

Сондай-ақ жеке зейнетақы шотын сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл арқылы ашуға болады, ол үшін:

  • сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы;
  • сенімхаттың нотариат куәландырған түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
  • жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі қажет.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы жеке тұлғалардың мүдделерін білдірген жағдайда оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын беруге болады.  

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ)есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның пайдасына МКЗЖ төлеу жөніндегі агент:  

- жарғы көшірмесін не қарап тексеру үшін оның түпнұсқасын не қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу туралы тіркеуші орган қабылдаған өтініштің көшірмесін және қарап тексеру үшін түпнұсқасын (үлгі жарғыны ұсыну талап етілмейді);      

- мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін және қарап тексеру үшін оның түпнұсқасын береді. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы да беруіне болады, бұл орайда құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;

- агенттің үшінші тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою өкілеттігін бере отырып берген сенімхаттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін;

- МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қоюға уәкілетті үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;

- агенттің банктік деректемелерін (бизнес- сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК)) береді. 

  1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуші ретінде қарастырылатын агенттің филиалы (өкілдігі) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеу үшін қандай құжаттар беруі керек?

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуші ретінде қарастырылатын агенттің филиалы (өкілдігі) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеуі  үшін мынадай құжаттарды:

  • Филиал (өкілдік) туралы ереженің көшірмесін және қарап тексеру үшін оның түпнұсқасын;

- филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін және қарап тексеру үшін түпнұсқасын береді. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы да беруіне болады, бұл орайда құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;

- агенттің үшінші тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою өкілеттігін бере отырып берген сенімхаттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін;

- МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қоюға уәкілетті үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;

- филиалдың/өкілдіктіңбанктік деректемелерін (бизнес- сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК)) береді. 

  1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуші агент ретінде қарастырылатын шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеуі үшін қажетті құжаттар тізбесі қандай?

Қажетті құжаттар тізбесі:

- қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу туралы тіркеуші орган қабылдаған өтініштің көшірмесі және қарап тексеру үшін түпнұсқасы (үлгі жарғыны ұсыну талап етілмейді);      

- мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және қарап тексеру үшін оның түпнұсқасы. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттік тіркеу туралы анықтама берілуі мүмкін, бұл орайда құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;

- агенттің үшінші тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою өкілеттігін бере отырып берген сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

- МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қоюға уәкілетті үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;

- агенттің банктік деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК)).

  1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшы ретінде әрекет ететін жеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК) үшін жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеуі үшін қажетті құжаттар тізбесі қандай?

Жеке кәсіпкер жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеуі үшін:

- Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;

- Жеке кәсіпкердімемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын;

- Жеке кәсіпкердің банк деректемелерін береді;

Жеке кәсіпкердің сенім білдірілген тұлғасы жеке зейнетақы шотын ашу үшін өтініш білдірген кезде:

- сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;

- нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын не сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін; 

- Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;

- Жеке кәсіпкерді  мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын;

- Жеке кәсіпкердің банк деректемелерін береді. 

  1. Сұрақ:Зейнетақы жинақтарының сақталуының қандай да бір кепілдігі бар ма?

Жауап: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сай мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының (бұдан әрі - МЗЖ), мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының (бұдан әрі - МКЗЖ) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалған тәртіппен адамдардың осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа толуы кезінде, инфляция деңгейiн ескере отырып, сондай-ақ 31-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген жағдайларда МЗЖ, МКЗЖ нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Мемлекет осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған кезден бастап осы Заңның 11-бабы 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Зейнетақы активтерінің сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады

1) міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;

3) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты тиісті талаптарды белгілеу арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу;

4) тиісті нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды белгілеу арқылы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - ЕЖЗҚ) қызметін реттеу;

5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне және басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтауға қойылатын талаптарды белгілеу;

8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен үлестес емес кастодиан-банктерде ғана сақтауына қойылатын талаптарды белгiлеу;

9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты мен зейнетақы активтерiн бөлек есепке алуды жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;

10) зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде әртараптандыруға және тәуекелдердi азайтуға қойылатын талаптарды белгiлеу;

11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiн белгілеу;

12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жыл сайын жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

13) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар алдындағы тұрақты есептілігі;

14) салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат берiп отыру;

15) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан өзiнiң зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру мүмкiндiгiн беру;

16) салымшының (алушының) таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын толық көлемде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;

17) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледi.

 

2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

 

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мың бірлікті құрады. 

2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 7 пайызды құрады.

Зейнетақы жүйесінде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгені, ал әйелдерде – шамамен 2 млн теңгені құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,13 пайызды құрады.

Бұл ретте, егер табыстылық пен инфляция деңгейін жылдық тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ (2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығы), бұл көрсеткіштер сәйкесінше 7,88 және 6,8 пайызды құрады.     

2017 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 48,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 1,3 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 43,14 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,09 млрд теңгені құрады.

Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 

2017 жылдың маусым айынан бастап қарапайым да ыңғайлы жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Қазір сол электрондық сервистерді пайдаланушылар саны арта түсуде. Салымшылар Қордың кеңселеріне келмей-ақ, қашықтықтан БЖЗҚ сайты арқылы барлық дерлік маңызды операцияларды жүзеге асыра алады. 2018 жылдың қаңтар айында шамамен 100 салымшы жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде электрондық өтініш жолдаған. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың екінші жартысында, яғни электрондық сервистер іске қосылғаннан бері шамамен 250 адам осы қызметті пайдаланған. Яғни, бір айдың ішінде өсім 60 пайызды құрады. Ал өздерінің деректемелеріне өзгерістер енгізген салымшылардың саны бір ай ішінде шамамен 950 адамды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың екінші жартысында 1 180 адам осы сервисті пайдаланған. Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 3,5 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген.

Айта кетелік, БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметін көрсету және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпарат арналарын дамыту. 2018 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны 64 пайызға артты.

БЖЗҚ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына ерекше көңіл бөледі: «Мобильдік агент» жобасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 590 рет көшпелі қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 125 бірлікке артық. Яғни, өсім 27 пайызды құрады.    

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2018 жылдың қаңтар айында 1 543 көшпелі тыныстырылымдық шара өткізілді. Шамамен 49 мың тұрғын қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есе көп.

Қазіргі уақытта МЗЖ бойынша ЖЗШ ашқан, бірақ бірде-бір жарна салмаған, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарына үш және одан да көп жыл барысында зейнетақы жарналары түспеген салымшыларға телефон шалу жұмыстары басталды. Ондағы мақсат – бұл салымшылардың деректерінің мәртебесін айқындау.    

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top