Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен -- "Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт ..." -- 18 Қыркүйек 2018
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ -- "ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА ..." -- 18 Қыркүйек 2018
Дария баққа жинаңыз -- "Дария баққа жинаңыз ..." -- 13 Қыркүйек 2018
Елбасы Түркістан қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді -- "Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан ..." -- 12 Қыркүйек 2018
Хабарландыру -- "«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ..." -- 10 Қыркүйек 2018
Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі -- "Ыстықкөлдің жағасында өткен Түркі елдері ..." -- 05 Қыркүйек 2018
«Евровидение-2018»: елімізде кімдер төрелік етеді? -- "«Евровидение-2018». Жас таланттардың жұлдызын ..." -- 25 Тамыз 2018
Елбасы Әзірет Сұлтан мешітіне барды -- "Құрбан айт – діни мереке ғана емес, барша ..." -- 22 Тамыз 2018

Ақмая ауылдық округі:

Елбасымыздың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті жолдауында Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біздің басты күшіміз – бірлікте. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте.

Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы Отансүйгіштік сезімінің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылына, өңіріне, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты.

Осыған орай Ақмая ауылдық округінің халқының тұрмыс жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Оны ауылдың тыныс-тіршілігінен де көруге болады. Ауылда 2663 адам тұрады.

Ақмая ауылдық округі бойынша 50 кәсіпкер жұмыс жасайды. 2016 жылы 27 кәсіпкер ауылда тіркелсе, 1 жылда яғыни 2017 жылы 23 кәсіпкер тіркелген.

2017 жылы ауыл тұрғындары өз қаражаты есебінен 10-15 сотық аралығында жылыжай, заманауи моншасы (20 ер және 20 әйелдерге арналған) халық игілігіне пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Жұмбеков Даулет күріш диірменін, май сығатын, шлакоблок шығаратын шағын цехтарын іске қосты.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында ашылған «Аймира» жеке балабақшасы 2017 жылы 100 млн. теңгеге жаңа типтегі 100 орындық ғимарат соғып жұмыс жасауда.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жобалық құны 66 млн. теңгенің жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Аталған спорт нысанында бокс, таэквондо, дзюдо үйірмелері ашылып, ауыл жастары спортқа бет бұрған. Жас өспірімдер арасында Арыс қаласында өткен республикалық жарыстан 5 алтын, 4 күміс жүлдемен табысты оралған. Ауылдың жастары облыстық, аудандық жарыстарда жоғары жетістіктерге жеткен.

Ауыл әкімі Ж. Арыслановтың кезекті есебін тыңдаған аудан басшысы Әшім Оразбекұлы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын күшейту барысында нақты тапсырмалар берді.

Төңкеріс ауылдық округі:

Төңкеріс ауылдық округіне қарасты Ш.Қодаманов елді мекенінде 526 отбасы, 3280 халық тұрады. Ауылда 1 заңды тұлға, 26 шаруақожалық, «Найман-Арық СТК» тіркелген.

Төңкеріс ауылдық округінде ауылшарушылығы өнімдерін өндіру бойынша аудан көлеміндегі ірі шаруашылықтар қатарында. 2017 жылы ауылдық округ бойынша егілген егіс көлемі оның ішінде: күріш – 1844 га, көкөніс – 55 га, картоп – 45 га, жаңа жоңышқа –347 га, мақсары – 195 га, бидай – 159 га.

Ауыл бойынша егілген дақылдардың әр гектарынан: күріш - 62,4 цн/га, барлығы – 11 507 тонна, бидай – 20 цн/га, барлығы - 318 тонна, ескі жоңышқа – 70 цн/га, барлығы -  5187 тонна, картоп – 250 цн/га, барлығы - 1125 тонна өнім жиналған.

Мал шаруашылығы саласында ауыл бойынша 2900 бас ірі қара, 3300 бас қой-ешкі, 339 бас жылқы тіркелген.

Шағын кәсіпкерліке байланысты ауылыда 17 сауда нүктесі, 1 күріш ақтау диірмені, заманауи 40 орындық монша тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ауылдық округ бойынша барлы 70 кәсіпкер тіркелген болса, оның ішінде 22 кәсіпкер 2017 жылы тіркелген.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында 2017 жылы «Бәйтерек Агро» кооперативінің құрамына ауылдағы 21 жұмыссыз азаматтар мүшеліке кіріп, 40 млн 800 мың теңге көлемінде несие алды. «Нұрислам»шаруа қожалығының төрағасы Райсов Ерлан Өңірлік Инвестициялау орталығынан мал шаруашылығын дамыту мақсатында 10 млн теңге көлемінде несие алды.

Жиделіарық ауылдық округі:

Жиделіарық ауылдық округінде 156 отбасы, 962 халық тұрады.

Ауылдағы ұсақ 5 шаруақожалықтар біріктіріліп «Керемет» атты кооператив құрылып жұмыстар атқарылуда. Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы Исаев Мырзабек 2 млн 800 мың теңге қаржыға 17 бас ірі қара малын сатып алып мал бордақылау жұмыстарымен айналысуда. Сондай-ақ, Мырзабаева Рахия 1,5 млн. теңге, Ақпамбетов Ерназ 2 млн. теңге қаржы алып ірі қара мал басын көбейту жұмыстарымен айналысуда.

2017 жылы 50 орындық 2 топтық «Жанель» атты жеке балабақша жаңадан ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында ауылдың 3 тұрғыны оқып сертификат алып, кәсіптерін дамыту мақсатында 6 млн. 300 мың теңге көлемінде қаражат алып өз кәсібін жүргізуде.

Еңбекші ауылдық округі:

Еңбекші ауылдық округінде екі елді мекеннен тұрады. Еңбекші ауылы, Қосүйеңкі елді мекені. Округ бойынша 302 отбасы,2471 халық тұрады.

Еңбекші ауылы тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы: Ауылда мүйізді ірі қара малы 3001 бас, уақ мал 15390 бас, жылқы 658 бас, түйе 382 бас.

2017 жылы 8 жеке кәсіпкер, 3 шаруа қожалық, 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жаңадан ашылып, нәтижесінде 38 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сонымен бірге, ауылдың 2 тұрғыны 4 млн 700 мың теңге, РИЦ-н 1 азамат 6 млн теңге, 1 адам 10 млн теңге, 1 адам 9 млн теңге, 1 адам 1 млн 600 мың теңге, 1 адам 1 млн 500 мың теңге көлемінде несие алып, ірі қара мал басын көбейту жұмыстарымен айналысуда. Ауылда шаруа қожалықтарының бірі «Сыбаға» бағдарламасы аясында 6 млн. теңге, 1 шаруа қожалық «Алтын асық» бағдарламасы аясында 10 млн. теңге несие алған. 2017 жылы барлық алынған несиелер мен грант көлемі: 49 млн. 100 мың теңге.

Қазіргі таңда 6 шаруа қожалық «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара малын, 2 шаруа қожалық «Алтын асық» бағдарламасы бойынша уақ малды және 1 шаруа қожалық «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы басын көбейтуге жұмыс жасауда.

Еңбекші ауылдық округінде 90 орындық балабақша, 150 орындық ауылдық клуб пен 120 орындық спорт кешенінің құрылыстары 2017 жылы басталды. Аталған құрылыстар толық пайдалануға 2018 жылға жоспарлануда.

Видео ақпараттар

Scroll to top