Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020
ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ -- "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және ..." -- 02 Наурыз 2020
Прокуратура марқұмды жуындыру кезінде түсірілген видеоға қатысты ... -- "Бүгін марқұмның анасы прокуратураға Дулат ..." -- 28 Ақпан 2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік ұлттық мерекесіне орай аудан әкімі Әшім Оразбекұлы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен жүздесті.
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін Тәуелсіздік күні - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгідей әлем мойындаған, гүлденген, көркейген, саясаты сарабдал да салиқалы мемлекет құрған бірін-бірі өткен тарихы біріктірген біз бен сіз үшін бұл мейрам ресми күнтізбеде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып мәңгілікке қалары сөзсіз!
Ел Тәуелсіздігін мұрат тұтқан, ұлттың болашағын ойлап 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы жолында ерлік пен қайсарлықтарын көрсеткен жерлестерімізге арнайы төс белгі мен аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. 
Әділдікті, тәуелсіздікті аңсаған осындай жастардың ортасында жүрген бүгінгі марапат иелері өз кезегінде Тәуелсіздіктің оңай келмегендігін айта отырып, еліміздің тыныштығын тіледі.
Ал, аудан орталығындағы өнер мектебінің жас қызметкерлері бейбіт заманда бақытты ғұмыр кешіп жатырғандары үшін Тәуелсіздік алып берген аға-апаларына алғыстарын жеткізіп жыр шуамақтарын арнады.

Видео ақпараттар

Scroll to top