Елбасы Финляндияға ресми сапармен барды -- "Қазақстан Президенті «Nokia Corporation» ..." -- 17 Қазан 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «11» қазан ..." -- 12 Қазан 2018
«7-20-25». Мемлекеттік қызметкерлерге баспана алу үшін 1 млн теңгеден ... -- "Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «7-20-25» ..." -- 11 Қазан 2018
Елбасы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл ... -- "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы ..." -- 11 Қазан 2018
Жазушы Шерхан Мұртаза дүниеден озды -- "Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза ..." -- 10 Қазан 2018
Елбасы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды -- "5 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда ..." -- 04 Қазан 2018
БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «21» қыркүйек ..." -- 03 Қазан 2018
5 сұрақ -- "Менің әкем – мүгедек. Өздігінен жүріп-тұра ..." -- 03 Қазан 2018
Алдағы тәуліктерде күн суытады -- "Демалыс күндері климаттық нормадан 4…7°С жоғары ..." -- 01 Қазан 2018
«Нұрлы жер» бағдарламасы. Сегіз айда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй ... -- "  Қазақстанда халықты тұрғын үймен ..." -- 01 Қазан 2018

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік күні – көпұлтты еліміздің халқы үшін ең ұлық мереке.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданып, жас Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған еркіндігіне жетіп, тарих сахнасынан өз орнын алды. Биыл егемен еліміздің көгінде азаттықтың туы желбіреп, шаңырағымызға тәуелсіздіктің ақ құсының қонғанына 26 жыл толды.

Тәуелсіздік жылдары Елбасымыздың сарабдал саясаты мен ел азаматтарының жұмыла еңбек етуінің нәтижесінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз әлем мойындаған қуатты Қазақстанға айналдық.

Ауданымыз үшін де Тәуелсіздігіміздің әрбір жылы жаңалықтар мен жетістіктерге толы болды. Тәуелсіздік жылдарындағы Шиелі ауданының бағындырған белестері Сіздер мен біздердің жұмыла көтерген жүгіміз бен бірлескен жұмысымыздың жемісі. Құрылыс жанданып, ауылшарушылығы тың серпінге ие болды. Халықтың әл-ауқаты жақсара түсті. Жаңадан білім, денсаулық, спорт және әлеуметтік құрылыс нысандары салынып, ашылды. Ауданның әрбір азаматы - бүгінгі ел өміріндегі осындай бағасы биік айтулы мерекені лайықты қарсы алу жолында аянбай еңбек етті.

Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын, ардақты ағайын!

Ізгі ниетпен,

аудан әкімі                                                               Ә.Оразбекұлы

Видео ақпараттар

Scroll to top