Ақпараттық хабарлама! -- "  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі ..." -- 18 Сәуір 2018
Қызылорда облысы кәсіпкерлері назарына! -- "2018 жылдың 19 сәуірінде «Бизнестің жол картасы ..." -- 18 Сәуір 2018
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ -- "Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет ..." -- 18 Сәуір 2018
KASE қорытындысы: $1 = 328,12 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 17 Сәуір 2018
Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты бейбітшілік пен тұрақтылықты ... -- "Нью-Йоркте Ресей елінің бастамасымен Сириядағы ..." -- 17 Сәуір 2018
Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ..." -- 17 Сәуір 2018
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары -- "Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін ..." -- 17 Сәуір 2018
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ... -- "Кездесуде Қазақстан Президентіне партияның ..." -- 10 Сәуір 2018
Елбасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады -- "Келер жылы еліміз бойынша 13 мың 500 мұғалім ..." -- 10 Сәуір 2018
KASE қорытындысы: $1 = 319,66 -- "Қазақстан қор биржасының қорытынды сессиясында 1 ..." -- 06 Сәуір 2018

Бүгінде мемлекеттік базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтілдерінің көлеміне қарамастан 14 466 теңге мөлшерінде төленеді (ең төмен күнкөріс деңгейінің жартысынан сәл жоғары). Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты төленетін болады. Яғни, зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын (2018 жылы бұл – 15 273 теңге) құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады (2018 жылы бұл – 28 284 теңге) және одан асырылмайды.

1.2018 жылдың қаңтар айынан бастап, ай сайынғы төлемдерді есептеу әдістемесінің өзгеретіндігін естідім. Осыны түсіндіріп берсеңіз екен.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Үкімет Қаулысымен бекітілген, Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Әдістеме бойынша зейнетақы жинақтарының сомасын, алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті ескеріледі. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті – зейнетақы жинақтарының инвестициялық басқаруда болған мерзімін есепке ала отырып олардың болашақтағы құнын ескеретін көрсеткіш. Зейнетақы төлемдерін алушының жасына қарай оның зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп 12-ге бөлінеді. Одан шығатын сома зейнетақы Қорынан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады. Бірақ, ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмайды.

Егер Қорға жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкіндік бар екендігін тағы да еске саламыз. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 = 404 940 теңгені құрайды. Егер зейнетақы жинақтары бұл сомадан артық болса, онда тек ай сайын төленеді.

2.Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құны коэффициентінің шамасы қалай белгіленеді? Мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп берсеңіз екен.  

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттер кестесі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген және жинақтаушы зейнетақыны есептеу үшін 2003 жылдан бері қолданылып келеді. Коэффициенттер кестесі зейнеткерлер өмірінің орташа күтілген ұзақтығын ескере отырып, зейнетақы жинақтарын тиісті жылдарға үлестіруге мүмкіндік береді. Енді зейнетақы жинақтарының кесте бойынша қалай төленетіндігін мысал арқылы көрсетейік.  Зейнеткерлік жасқа толған азаматтың зейнетақы жинақтарының сомасы 4 000 000 теңге болсын делік. Бекітілген әдістемеге сәйкес, 63 жаста зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті - 0,10467. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасын осы коэффициентке көбейтеміз – 418 680 теңге болады. Бұл соманыы 12-ге бөлеміз – 34 890 теңге шығады. Осы сома БЖЗҚ-дан алғашқы жылы ай сайын алынатын сома болып табылады. Бұдан кейінгі жылдары төлемдер тиісті жастағы коэффициенттер негізінде анықталады.

Бұл ретте 2018 жылы құрметті демалысқа шығатын азаматтардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілдері бар. Сәйкесінше олар ортақ зейнетқы да алады. Одан басқа, базалық зейнетақы төленеді. Ол 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептелетін болады.   

Мысал: Зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 20 жылдық еңбек өтілі бар делік. Бұл еңбек кітапшасындағы жазбалармен расталады. 1998 жылдан кейін 13 жылдық еңбек өтілі бар делік. Бұл міндетті зейнетақы жарналарының төленгенімен  және Мемлекеттік корпорацияның Бірыңғай есепке алу орталығымен расталады (бұрынғы зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық).    

Бұл жағдайда базалық зейнетақыны тағайындау үшін жиынтық еңбек өтілі 33 жылды құрайды (20 жылдық еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 13 жыл). Демек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оның базалық зейнетақысының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрайтын болады.

3.Коэффициенттің шамасы зейнетақы жинақтарының инвестициялану жағдайына тәуелді ме? Осыған байланысты арттырушы коэффициент пайда болуы мүмкін бе?

Зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын жинақтарға күн сайын инвестициялық табыс есептеледі. Сәйкесінше бұл ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне оң әсер етеді. 

Кезекті төлемнен кейін жеке зейнетақы шотындағы қаржы тұрақты түрде инвестицияланады және оған күн сайын табыс есептеледі. Демек, шоттағы зейнетақы жинақтарының сомасы арта түседі деген сөз. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналарының қомақты мөлшерде тұрақты аударылып отыруына да тәуелді.              

Сонымен қатар инфляция деңгейі ескеріле отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі, ең төмен зейнетақы және басқа да есептік көрсеткіштер жыл сайын қайта есептеліп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшеріне әсер етеді.   

4.Зейнетақы жинақтарын зейнетақы Қорынан мерзімінен бұрын алуға бола ма?

ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындайтын жағдайлар нақты белгіленген. Зейнетақы жинақтарын біріншіден - зейнеткерлік жасқа толғанда, екіншіден – 1,2 топтардағы мүгедектігі бар адамдардың мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленгенде, үшіншіҚазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ала алады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 59-бабының 1-тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған жағдайда 55 жасқа толған ерлер, 50 жасқа толған әйелдер өздерінің мiндеттi зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы.  Бұл ретте әйелдер үшін зейнетақы аннуитетін жасау мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады. Яғни, зейнетақы аннуитетін жасау 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толғанда жүргізіледі. Заңда зейнетақы жинақтарын басқалай жолмен алу жағы қарастырылмаған. Бұл өте өзекті мәселе.

               Зейнетақы төлемдері зейнеткердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан зейнетақы жарналарын ерте бастан қомақты көлемде зейнетақы Қорына аударған сайын, болашақта алар зейнетақы төлемдерінің мөлшері де арта түседі.  Ал егер адамдар зейнетақы жарналарын аудармай, жалақыларын «конвертпен» алатын болса болашақта алатын зейнетақы төлемдерінңң мөлшері де мардымсыз болады.  

               Тағы да еске сала кетелік, жыл сайын инфляция деңгейі ескеріле отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі, ең төмен зейнетақы және басқа да есептік көрсеткіштер қайта есептеліп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшеріне әсер етеді.  

Видео ақпараттар

Scroll to top