«NurOtan» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс XXVІ ... -- "«NurOtan» партиясы Шиелі аудандық филиалының ..." -- 18 Сәуір 2019
Салықтық амнистия -- "Салықтық амнистия Ел басының 2018 жылғы 5 ..." -- 18 Сәуір 2019
«АСЫЛХАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ -- "«АСЫЛХАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ..." -- 17 Сәуір 2019
ШИЕЛІДЕ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ӨТТІ -- "Бүгін Шиелі ауданында Қазақстан Республикасының ..." -- 06 Сәуір 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЛЛЕЯСЫ -- "Тәуелсіздік алған 28 жыл ішінде Шиелі ауданы күн ..." -- 05 Сәуір 2019
ШИЕЛІДЕ РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ -- "Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан ..." -- 05 Сәуір 2019
ШИЕЛІДЕ КҮРІШ АҚТАУ ЖӘНЕ ҚҰРАМА ЖЕМ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ -- "Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың Шиелі ауданына іс ..." -- 05 Сәуір 2019
2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне ... -- "2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ..." -- 03 Сәуір 2019
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ..." -- 03 Сәуір 2019
5 сұрақ -- "1. Зейнетақы шотын ашу үшін не істеу керек? ..." -- 02 Сәуір 2019

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ болып табылады.

Жеке бас мүдделері деп тікелей немесе делдалдар арқылы өзі, семья мүшелері немесе басқа да тұлғалар үшін ақшалай немесе натуралды түрде пайда табу (баю), мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алуды түсінуге болады.

Жоғарыда көрсетілген тұлғаларға мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда, лауазымдық міндеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады.

Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы белгiлi болған сәтте, ол жөнінде жазбаша түрде өзiнiң тiкелей басшысына, не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына хабарлап, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға мiндеттi.

Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға міндетті:

1)  лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар.

Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершілікке, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасының Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшылығымен жақын туыстардың бірлескен қызметі мәселелері және мүдделер қақтығысының өзге де нысандары бойынша күнделікті азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

Мүдделер қақтығысы туралы ақпарат болған жағдайда, Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі 1 құрылыс мекен-жайы, тел: 8(7242) 70-56-06 бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Видео ақпараттар

Scroll to top