«NurOtan» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс XXVІ ... -- "«NurOtan» партиясы Шиелі аудандық филиалының ..." -- 18 Сәуір 2019
Салықтық амнистия -- "Салықтық амнистия Ел басының 2018 жылғы 5 ..." -- 18 Сәуір 2019
«АСЫЛХАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ -- "«АСЫЛХАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ..." -- 17 Сәуір 2019
ШИЕЛІДЕ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ӨТТІ -- "Бүгін Шиелі ауданында Қазақстан Республикасының ..." -- 06 Сәуір 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЛЛЕЯСЫ -- "Тәуелсіздік алған 28 жыл ішінде Шиелі ауданы күн ..." -- 05 Сәуір 2019
ШИЕЛІДЕ РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ -- "Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан ..." -- 05 Сәуір 2019
ШИЕЛІДЕ КҮРІШ АҚТАУ ЖӘНЕ ҚҰРАМА ЖЕМ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ -- "Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың Шиелі ауданына іс ..." -- 05 Сәуір 2019
2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне ... -- "2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ..." -- 03 Сәуір 2019
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ..." -- 03 Сәуір 2019
5 сұрақ -- "1. Зейнетақы шотын ашу үшін не істеу керек? ..." -- 02 Сәуір 2019

Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдау кезінде осылай деді. Елбасы латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қоғамда қызу талқыланып, ерекше қолдауға ие болғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығын тілге тиек етті. Осы орайда Мемлекет басшысына мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының атқарған қызметі жан-жақты баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Латын әліпбиінің жобасын ресми түрде жариялайтын кез келді. Енді ары қарай қалған уақытта не істеуіміз керек екенін ойластыру керек. Ғалымдар мен тарихшылар, тіл мамандары өз жұмыстарын істеді. Біз қоғам ішінде талқыладық. Білетін адамдардың барлығы жұмыстарын атқарды. Комиссия да жұмысын аяқтады. Менімен кездесуде әліпбидің соңғы нұсқасын жариялады. Сондықтан менің тұжырымдауымша, ішінде барлығының консилиусы бар. Ғалымдар, тіл мамандары, саясаткерлер, жастар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, басқа халықтардың да ой-пікірін білдік. Жалпы қоғамда қолдау бар. Енді мен арнайы Жарлыққа қол қойып, шығаруым керек. Жұмыс істейтін, енгізетін комиссияға жол ашуымыз керек.

Марат Тәжин, ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары:

- Ең негізгісі, мұнда қазақ тілінің фонетикалық байлығын сақтадық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я должен принять Указ. Утвердить предлагаемый проект алфавита казахского языка на латинской графике. И правительству поручить образовать комиссию по переводу. Обеспечить поэтапный перевод, принять другие меры для реализации настоящего Указа.

24.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top