ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 13 Тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ -- "ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ Бүгін ..." -- 07 Тамыз 2019
БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ... -- "БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ..." -- 06 Тамыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы дәрігерлік-амбулаториялық емхананың ... -- "ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы ..." -- 05 Тамыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ТУРАЛЫ -- "Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс ..." -- 02 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 31 Шілде 2019
«Бес сұрақ» айдары -- " Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек ..." -- 23 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы           

«БЖЗҚ» акционерлік қоғамы мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік  туралы қол қойылған  Меморандум аясында «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен Жалағаш ауданы әкімдігінің өкілдері бірлесіп, халық арасында  салымшыларға зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша  толық кешенді ақпарат беру мәселелері туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

 

        2017 жылғы  20 қыркүйекте, сәрсенбі күні сағат 10.00-де Жалағаш ауданы «Мәдениет пен өнерді дамыту орталығы»   Мәдениет пен тілді  дамыту бөлімінің КМҚК  ғимаратында «БЖЗҚ»  АҚ Қызылорда облыстық филиалы қызметкерлерінің халықпен,  ауданның коммерциялық құрылымдарының өкілдерімен, әкімдіктің белсенді топтарымен кездесуі өтті.

Кездесуде БЖЗҚ қызметкерлері  қор құрылғаннан бастап салымшылар мен алушылардың мүддесі бірінші кезекте екендігіне сендіріп, қазақстандық зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланып, табыстың қалай есептелетіндігі, салымшының, жұмыс берушінің және БЖЗҚ-ның қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі, жинақтаушы жүйеге неге белсенді түрде қатысып, тұрақты түрде зейнетақы жарналарын төлеп тұру керектігі туралы әңгімеледі, зейнетақы жинақтарының сақталуына қалай кепілдік берілетіні туралы әңгімеледі.

Бұдан басқа БЖЗҚ қызметкерлері 2018  болатын  жаңалықтар туралы хабардар етті. Жиналғандар 2018 жылы 1 қаңтарда енетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібіндегі өзгерістер туралы алғашқылардың бірі болып естіді.

Сондай-ақ БЖЗҚ –ның қызметі туралы ақпарат беру және қашықтықтан кеңес беру каналдары туралы – басқарма төрағасының блогы, қоғамдық қабылдау, қордың сайтындағы онлайн-кеңес беру мен кері байланыс секторы туралы, Қазақстанның барлық аймақтарынан тегін қоңырау шалуға болатын 1418 қысқа нөмірлі байланыс орталығы мен әлеуметтік желідегі ресми беттер туралы айтып берді.

Жалағаш ауданы «БЖЗҚ» АҚ Қызмет көрсету орталығының басшысы Маханова Аяна өз сөзінде салымшыларының қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы өздерінің зейнеткерлік өмірінің қорғалуын жоспарлауды, оның жайлы да сәтті болуына жағдай жасап, әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететіндерін атап өтті. 

Шара қонақтары www.enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны айқындау бойынша интерактивтік шеберлік сыныбынан өтті.    

Кездесу соңында қатысушылар БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысты. 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 40 мың бірлікті құрады. 

2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.   

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Scroll to top