Мемлекет басшысы Қостанай облысының жас спортшыларымен кездесті -- "Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ..." -- 09 Қараша 2017
Қызылордалық жол сақшылары әкімшілік хаттаманы енді планшетпен ... -- "Сандық жүйені дамыту аясында облыста әкімшілік ..." -- 09 Қараша 2017
Елімізде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ... -- "Еліміздің барлық өңірлерінде «Қыс-2017» ..." -- 09 Қараша 2017
5 сұрақ -- "  Ерікті зейнетақы жарналарын кім және ..." -- 09 Қараша 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Сырдария ауданы «Бірыңғай ..." -- 08 Қараша 2017
МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ ТУРАЛЫ -- "ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ..." -- 08 Қараша 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа ..." -- 07 Қараша 2017
Елбасы: Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасын ... -- "Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ..." -- 26 Қазан 2017
Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен ... -- "Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб ..." -- 26 Қазан 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Бірыңғай ..." -- 24 Қазан 2017

Елбасының жыл басында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай жуырда ауданымызда «Ардагерлер тәлімі – рухани жаңғырудың қайнар көзі» атты облыстық ардагерлер ұйымының ауқымды семинары өтті.
Оған Қызылорда және Байқоңыр қалалары мен жеті ауданның ардагерлер кеңесінің төрағалары, белсенді ардагерлері қатысты.
Шиеліге арнайы атбасын тіреген бұл топты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері С.Шаухаманов бастап келді.

Арысы айдынды Арал, берісі жазиралы Жаңақорған жерінен жеткен қонақтарды аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары Талаптан ауылдық округіне кіре берістегі қақпадан күтіп алды. Айтыскер ақын Кенжебай Жүсіп қадірлі қонақтарға ата-баба дәстүрінше қасиетті қара домбырасын қаға күмбірлете арнау өлеңін орындады. Одан соң көпшілік Бала би ауылындағы №50 Абай атындағы мектепке бет алды. Білім ордасының мәжіліс залында ауыл аналарынан құралған «Ғұмырдария» әжелер ансамблі концерттік бағдарламасымен көпшілікті бір сергітіп тастады. Ауылдың тыныс-тіршілігін көріп, сәні мен салтанаты келіскен 900 орындық мектептің құрылысына тәнті екендіктерін жеткізді. Ауыл ақсақалдарының хал-ахуалын сұрап, елдің амандығын көріп, шүкіршіліктерін білдірді.
Бұдан кейін Бала би ауылынан шыққан топ Бәйгеқұмға қарай жол тартты. Мұндағы мәдениет үйінің алдында сап түзеген мектеп оқушылары ҚР Журналистер одағының мүшесі Өркен Исмаилдың ардагерлерге арнауын нақышына келтіріп оқып берді. Қонақтар ауылдағы «Тағзым алаңына» гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады. Кейіннен ардагерлер мәдениет үйінің кіре берісіндегі ұлттық этно ауылдың көріністерімен танысты. Қонақтардың назарына көрермен залында арнайы дайындалған «Сексеннің бүгін шықты сеңгіріне» атты мәдени шара ұсынылды. Кеш барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Жағыпбаров пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов 80 жасқа толған ауыл ақсақалдары Мейрам Каренеев пен Арапбек Жанаевты құттықтап, иықтарына шапан жапты. Содан соң С.Шаухаманов кішкентай Білімжан Рақымжанұлының тұсауын кесіп, батасын берді.
Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымайды»-деген тәмсіл бар. Осыны негізге алған ардагерлер Оқшы Ата кесенесіне арнайы тоқтап, мешіт имамы ата-баба рухына құран бағыштады. Содан кейін қонақтар кентке қарай бет алды. Мұнда аудан ардагерлері арасында биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған спартакиаданың ашылуына қатысты. Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Жағыпбаров сөз сөйлеп, С.Шаухаманов жиылған жұртты салауатты өмір салтын ұстауға шақырды. Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Ауданға қарасты барлық ауылдық округтерден келген ардагерлер кір тасын көтеру, арқан тартысу секілді спорттық ойын түрлерінен сайысқа түсіп, бақтарын сынады.
Спорттық шарадан шығып, Көкшоқы­дағы тағзым алаңына жиналды. Мұнда Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің рухына арнап бас имам Рахат қажы құран бағыштап, ардагерлер бет сипасты.

Соғыста қайтыс болған шахит жан­дар­дың жаны жәннатта болғай дескен ел ағалары «Самғау» ойын-сауық кешеніне барып, Ұлы Отан соғысының ардагері Ә.Палымбетовты еске алуға арналған бильярдтан VI рет ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі сайыстың куәсі болды. Жарыс­ты аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Жағыпбаров ашып, арда­гер­дің ұрпақта­ры атынан Нәйлә Әбілқа­сымқызы сөз сөйледі. Сайыстан соң осы жерден түскі ас ішкен ардагерлер Иіркөл ауылдық округіндегі екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың кесенесіне барып, дала академигіне тәу етіп, дұға оқыды.
Содан соң, облыстан келген қонақ­тар­­ға аудандық ардагерлер үйінің жұмысы таныстырылды. Мұнда әжелер ансамбльі ән шырқап, ауданның Бибі-Патымасы атанған Ұлман апа Мәмреева мен Еңбек Ері Шырынкүл апа Қазанбаева арнайы келіп, ардагерлермен есен-саулық сұрасты.
Қонақтар Шиеліде атқарылып жатқан шаралардың мән-жайына қанық екенін, жасалып жатқан игі істер мен жаңа кәсіпкерлік нысандардың өңір экономикасының артуына жол ашатынын айтып, қуанышты екендерін жеткізді. «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-нің «Тампонажды цемент шығару зауытының» құрылысымен танысты. Айта кету керек, бұл жердегі мамандардың баян­дауынша мұндай өндіріс орны бұған дейін республиканың ешбір аумағында іске қосылмаған. Тампонажды цемент негізінен уранға, ғарыш саласына, мұнай өндірісіне пайдаланылады. Ал, мұның үшеуі де біздің облыста бар. Сонымен қатар, зауыт ұсақталған темірден өзге цемент шығаруға қажетті шикізат өнімдерін де өз өңірімізден алады. Өндіріс орнының жұмысына қанық болып, ардагерлер қорытынды семинар жиналысына қатысу үшін аудандық мәдениет үйіне жиналды.
Мәдениет үйінің залына аудандағы барлық белсенді ардагерлер жиылды. Тіптен, залдан ине шаншар орын таппай тікесінен тұрып, семинарға қызығушылық танытқандар қатары қалыңдай түсті.
Аудан әкімінің орынбасары Т.Жағып­баров, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов сөз сөйледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оразымбетов баяндама жасады. Арда­герлер көсемі, қара сөздің шешені С.Шаухаманұлы Шиелінің әлеуеті арта түскендігін, халқының жағдайы жақса­рып, елде түрлі өндіріс орындары іске қосылып жатқандығына куә болып, көңілдері көтеріліп, марқайып отырғандығын білдірді. Ардагерлердің, ақсақалдардың, қариялар мен қарттар­дың халық амандығын тілеп, татулыққа, тыныштыққа, бейбітшілікке елді шақырып, тек жақсы сөз, жақсы істерді үлгі етіп айтып жүру қажеттігін, сонда ғана бүгінгі толқын адамдар келешекке кемел қоғам қалдыра алатындығын айтты.
– Аудан әкімінің өзі бұл шараға тиісті себептерге байланысты қатыса алмаса да үш бірдей орынбасары біздің қасымызда болып, тік тұрып қызмет етті. Бұл семинардың басы-қасында аудан әкімінің бір орынбасары жүрсе де біз риза болар едік. Бірақ, осындағы азаматтар ардагер жасымызды сыйлап, ата-дәстүр жолына тартып, барлығы қасымызда болды, – деп Шиеліде «Үлкенге ізет, кішіге құрмет» атты құндылықтың қасиеті жоғалмағандығына тәнті болды.
Семинардан соң орталық алаңдағы М.Шоқай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы тұлғаның жарқын істерін бір сәт еске алды. Қайраткердің туысы М.Шоқай атындағы қордың Президенті Атабай Базарбай сөз сөйледі. Осыдан кейін ауданның «Құрметті азаматтар» аллеясына барып, естелік суреттерге түсті.
Шара соңында ардагерлер «Ақсарай» мейрамханасында аудан әкімінің атынан берілген қонақасына қатысып, дәм татты.

Видео ақпараттар

Scroll to top