Мемлекет басшысы Қостанай облысының жас спортшыларымен кездесті -- "Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ..." -- 09 Қараша 2017
Қызылордалық жол сақшылары әкімшілік хаттаманы енді планшетпен ... -- "Сандық жүйені дамыту аясында облыста әкімшілік ..." -- 09 Қараша 2017
Елімізде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ... -- "Еліміздің барлық өңірлерінде «Қыс-2017» ..." -- 09 Қараша 2017
5 сұрақ -- "  Ерікті зейнетақы жарналарын кім және ..." -- 09 Қараша 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Сырдария ауданы «Бірыңғай ..." -- 08 Қараша 2017
МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ ТУРАЛЫ -- "ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ..." -- 08 Қараша 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа ..." -- 07 Қараша 2017
Елбасы: Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасын ... -- "Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ..." -- 26 Қазан 2017
Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен ... -- "Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб ..." -- 26 Қазан 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Бірыңғай ..." -- 24 Қазан 2017

«БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттердің жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілген активтерімен жұмысы

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ портфеліне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді.  

Облигациялардың атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы 2014 жылдан бері 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге азайды. Ал проблемалық эмитенттердің саны 32-ден 19 компанияға қысқарды. Екі компания бойынша берешек толығымен өтелді (атаулы құны бойынша 1,3 млрд теңге). Төрт компания бойынша банкротқа ұшырау және таратылу рәсімінің аяқталуына байланысты қаржы құралдары есептен шығарылды (атаулы құны бойынша 10,2 млрд теңге). Жеті компания бойынша берешек қайта құрылымдалды/реттелді (атаулы құны бойынша 113,4 млрд теңге).

Эмитенттердің көпшілігі дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген. 

 2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттің дефолты тіркелді. Олар:

- «Имсталькон» АҚ;

- SAMARCO Mineracao S.A. (Бразилия).

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы Қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешекті (зейнетақы активтерінің 0,6 пайызынан төмен) қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл эмитенттердің қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіреді. 

Бұл эмитенттер бойынша мынадай жұмыстар жүргізіліп жатыр:

  • «Қазақстан қағазы» АҚ эмитентіне қатысты оңалту жұмыстары жүргізіліп

жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы – 12,5 млрд теңге.

  • «Имсталькон» АҚ эмитентіне қатысты оңалту рәсімінің күші жойылды.

Банкроттық туралы азаматтық іс қайта қаралып жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы – 3,4 млрд теңге.       

  • 13 эмитент бойынша берешектерді Қор пайдасына өндіріп алу туралы сот

шешімі шығарылды, қазір орындаушы өндіріске ілеспе қызмет көрсетіліп жатыр  («Казнефтехим» АҚ, «ТөртҚұдық» «Кен-байыту комбинаты» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «Техно-Life» АҚ, «Сары-Арқа Сарбазы» Күзет корпорациясы» ЖШС, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Тема и Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «РОСА» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Өрнек XXI» АҚ, «Альтернативные финансы» АҚ; Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы  – 8,8 млрд. теңге);

  • 5 эмитент банкрот болып танылды («Трансстроймост» АҚ, «VITA» АҚ,

«GLOTUR» АҚ, «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты» АҚ; Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 15,1 млрд. теңге);

  • 1 эмитент бойынша сотқа дейінгі реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

(SAMARCO MINERACAO SA; Берешектің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 0,6 млрд. теңге).

2014 жылдан 2017 жылдың 31 шілдесіне дейінгі аралықта Қор алдында өтелген берешектердің жалпы сомасы 1,67 млрд теңгені құрады, оның ішінде: 

– 2014-2015 жылдары – 1,3 млрд. теңге;

– 2016 жылы – 0,194 млрд теңге; 

– 2017 жылы – 0,192 млрд теңге;

Проблемалық активтер бойынша мүмкін болатын шығындарға қарсы арнайы провизия (резервтер) құрылған. Қор өндіріп алған берешек сомалары провизияларды қалпына келтіруден түскен табыстар болып есептеледі және салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына үлестіріледі.

Атап өту керек, берешектерді азаматтық тәртіпте өндіріп алу тәсілдері таусылған жағдайларда, Қор проблемалық эмитенттердің қызметін және олардың лауазымды тұлғаларының компанияны төлем қабілетсіздігіне жеткізгендіктерін тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіну туралы шешім қабылдады. 

Зейнетақы Қоры 16 эмитент бойынша прокуратура органдарына және аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық зерттеу қызметіне арыз жолдады.  

БЖЗҚ зейнетақы активтеріне Қазақстан Республикасы аумағында ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де залал келтірген тұлғаларға қатысты сот шешімдерінің шығарылуына күш салады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

2017 жылғы 1 тамыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу 

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Жыл басынан бергі өсім 588 млрд теңгені (8%) құрады.

2017 жылғы 1 тамызда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бірлікті құрады.  

2017 жылғы шілдеде келіп түскен жарналардың жалпы сомасы 59,5 млрд теңгеге жетсе, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 56,7 млрд теңгені құрады.   

2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.    

2017 жылдың басынан бері БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 134,31 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 16,13 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан шамамен 106,58 млрд теңге төленген, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 10,95 млрд теңгені құраған.

Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бірінен, сондай-ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 769 мың адам зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені электрондық мекенжайына алады. Ал 3,5 миллионға жуық адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие. 2017 жылдың шілдесінде сайт немесе ұялы қосымшаны пайдаланушылардың қатарына шамамен 100 000 салымшы (алушы) қосылды. Олар бұл үшін ақпарат алу тәсілін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған.  

Бір ай ішінде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 67,4 мыңға артып, барлығы 917,7 мың бірлікті құрады. Естеріңізге сала кетелік, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 509,7 мың жүктеуді құраған болатын.  

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылады. Салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы – Қор мен салымшылар арасында тиімді қарым-қатынас орнатудың қосымша тәсіліне айналғандығын айта кеткен жөн. Осы жоба аясында Қазақстанның барлық өңірінде БЖЗҚ қызметкерлерінен көшпелі командалар құрылған. Қор қызметкерлері ақыл-кеңес беру үшін салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгізу және қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құжаттарды жинап Қорға жеткізуге көмектеседі. Одан басқа БЖЗҚ мобильді тобы таныстырылымдар өткізу, зейнетақы заңнамасы және отандық зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру үшін әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарға барып тұрады. Барған жерлерінде сондай-ақ зейнетақы қызметтерінің барлық түрін көрсетеді. Олардың ішінде салымшының деректемелерін өзгерту/толықтыру туралы өтінішті рәсімдеу, жаңа редакциядағы өтінішті ұсыну, ақпарат беру тәсілі туралы келісім жасау және ЖЗШ-дан үзінді-көшірме беру секілді қызметтер бар. Жыл басынан бері мобильдік агенттер 4 мыңнан астам рет көшпелі шара өткізіп, осы шаралар барысында 113,2 мыңнан астам операция жасаған. Қор қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі 7 120 адамға қызмет көрсете отырып, оларға төлемдер мен аударымдарды рәсімдеу, зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірме беру, деректемелерді және ақпарат беру тәсілін өзгерту бойынша 19,5 мың қызмет көрсеткен.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                            

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top