
Сыбайлас жемқорлық – ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан бұл дертпен күресу үшін арнайы іс-жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осыған орай өткен аптада «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында аудан әкімдігінде мәжіліс өткізілді.
Оған дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері мен мемлекеттік сатып алуға байланысты жауапты қызметкерлер қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұғман Жахудаев пен облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы Ерболат Баймағанбетовтер түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, республикалық азаматтық бастамалардың бірінші конгресіне азаматтық қоғам институттарымен мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық мониторинг жүргізу ұсынылып, бүгінде агенттік пен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе мониторинг жүргізіліп келетіндігін айтты. Сонымен қатар, мониторинг нәтижесімен анықталғандай мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерге бағаны негізсіз өсіру деректері жиі кездесетіндігі сөз етілді. Баяндамашылар мониторинг нәтижесі республика бойынша анықталған кейбір мәселелерге де тоқталды. Жиын соңында «Тауарлар мен қызметтердің бағасына мұқият қарап, хабарландыру жариялау алдында жарияланатын тауар, қызмет және жұмыстар бағасын зерттеп хабарландыру орнатсаңыздар», – деген ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді және заңдылықтарды түсіндірді.
-
Жаңартылған уақыты: 05 Қыркүйек 2017
Кірушілер есебі
Бүгін | 87 |
Кеше | 222 |
Осы аптада | 87 |
Осы айда | 5636 |
Барлығы | 23211 |
Видео ақпараттар
Жиі қаралатын ақпараттар
- 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
- ҚР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ
- АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
- Атауы жоқ көшеге атау беру туралы
- Жаттықтырушылар жөнінде мәлімет
- Елбасы Германияның Федералды Канцлері Ангела Меркельге құттықтау жеделхатын жолдады
- «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар