Мемлекет басшысы Қостанай облысының жас спортшыларымен кездесті -- "Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ..." -- 09 Қараша 2017
Қызылордалық жол сақшылары әкімшілік хаттаманы енді планшетпен ... -- "Сандық жүйені дамыту аясында облыста әкімшілік ..." -- 09 Қараша 2017
Елімізде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ... -- "Еліміздің барлық өңірлерінде «Қыс-2017» ..." -- 09 Қараша 2017
5 сұрақ -- "  Ерікті зейнетақы жарналарын кім және ..." -- 09 Қараша 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Сырдария ауданы «Бірыңғай ..." -- 08 Қараша 2017
МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ ТУРАЛЫ -- "ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ..." -- 08 Қараша 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа ..." -- 07 Қараша 2017
Елбасы: Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасын ... -- "Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ..." -- 26 Қазан 2017
Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен ... -- "Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб ..." -- 26 Қазан 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Бірыңғай ..." -- 24 Қазан 2017

31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жау­лары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жабылып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысы қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар, молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.
Жалпы, тарихи деректерге қарағанда, 1921-1954 жылдары аралығында КСРО-да «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» деген жаламен 3 миллион 777 мың адам сотталса, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген екен.
Осы күнге орай ауданымыздағы М.Шоқай алаңында митинг болып өтті. Шара қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен бастау алды. Келесі кезекте аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әзірлеген көрінісі жүректерге жол тауып, кей кісілердің көздеріне еріксіз жас алдырды. Бір минут үнсіздіктен соң аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев сөз алып, 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілгенін, жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам азаматтар репрессияға ұшырағанын, бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенттері болғандығын тілге тиек етті. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының есімдері ешқашан ұмытылмайтындығын жеткізді. Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған азаматтарымыздың ізін бүгінгі күнге дейін жалғап келе жатқан ұрпақтары Б.Медетбеков, Ә.Аманқұлов, С.Лян естеліктерімен бөлісті. Ақмая ауылының тұрғыны С.Лян кезінде жер аударып алып келген ата-анасын қазақ халқы қалай құшақ жайып қарсы алғаны, нан таппай отырса да өздерімен бөлісіп жегені, қонақжайлылығы туралы аса тебіреніспен еске алып, осы елде тұрып жатқанына риза екенін білдірді.
Шара соңында ауданның бас имамы Р.Ахметов елі мен жерінің болашағын ойлап құрбан болған зиялы қауымға құраннан дұға бағыштады.
Ерұлан Даткенов

Видео ақпараттар

Scroll to top