АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Алмалы ауылдық округінің әкімі Болат Тұрматұлының ..." -- 18 Қаңтар 2018
АҚТОҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "  Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің ..." -- 18 Қаңтар 2018
ТАЛАПТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінің әкімі ..." -- 18 Қаңтар 2018
Хабарландыру!!!! -- "" -- 17 Қаңтар 2018
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ -- "Ақмая ауылдық округі: Елбасымыздың биылғы ..." -- 15 Қаңтар 2018
Көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба ... -- "Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан ..." -- 15 Қаңтар 2018
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж ... -- "Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары ..." -- 10 Қаңтар 2018
Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді -- "Кеше Шиелі ауданында Қызылорда облысы әкімінің ..." -- 10 Қаңтар 2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің ... -- "«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра ..." -- 08 Қаңтар 2018

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Қызылорда  облысының әкімдігімен арадағы қол қойылған ынтымақтастық және өзара әрекеттестік жөніндегі Меморандум талаптарын жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда Қор Жаңақорған аудандық әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, «Қызылорда облысы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ өкілдерімен бірге тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.        

2017 жылғы 28 тамызда, дүйсенбі күні БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері Жаңақорған ауданының «Орда Кент» ресурстық орталығында аудан әкімдігінің активтері, сондай-ақ мемлекеттік органдар, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы өкілдері және тұрғындармен кездесті.

Өзінің алғы сөзінде «БЖЗҚ» АҚ Жаңақорған аудандық қызмет көрсету орталығының бастығы Оспан Ермек тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру бойынша қаржылық сауаттылығын, зейнетақы заңнамасы және Қор қызметіндегі жаңа енгізілімдер туралы хабардарлығын арттыру жолында қызу жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті.

«Біз зейнетақы жүйесін әрбір адамға түсінікті етуге күш салып жатырмыз. Барлық тұрғындар мектеп қабырғасынан бастап зейнетақының не екендігін жете түсініп, болашақта өздерін лайықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін сауатты шеше білгендігін қалаймыз», - деді Қызмет көрсету орталығының басшысы.   

Түсіндіру жұмыстары және таныстырылымдық материалдар өте мазмұнды болды. Әсіресе «Зейнетақы жүйесі қалай құрылған» деп аталатын таныстырылым қатысушылардың ерекше назарын аударды. Онда Қор мамандары зейнетақы жүйесінің үш деңгейі туралы жан-жақты әңгімеледі.     

Сонымен қатар қатысушылар БЖЗҚ-ның артықшылықтары туралы бейнеролик тамашалап, зейнетақы активтері біріктірілген соң, комиссиялық сыйақының көлемі бұған дейін жеке зейнетақы қорлары алып келген комиссиялық сыйақы көлемінен едәуір азайғандығын білді. 

Одан басқа, зейнетақы активтері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған соң әкімшілік шығындар азайтылып, салымшылар үшін тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық стратегияның қайта қаралғандығы айтылды.   

Шара қонақтары www.enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны айқындау бойынша интерактивтік шеберлік сыныбынан өтті.    

Салымшылардың бірінің айтуынша, мұндай шараларды жиі өткізіп тұру керек.

«Өте қызықты болды, - деді қонақ, - мен көп нәрсе білдім. Енді зейнеткерлікке шыққанда қанша мөлшерде зейнетақы алатынымды, сондай-ақ зейнетақы жүйесінің көп деңгейден тұратындығын білдім және басқа да көптеген мағлұматтар алдым. Шақырағандарыңыз үшін рахмет. Келесі жолы да міндетті түрде келемін».

Шара соңында оған қатысушылар БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысты.

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бірлікті құрады. 

2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.   

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Видео ақпараттар

Scroll to top