ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019
Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық ... -- "Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» ..." -- 31 Қазан 2019
ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шиелі ..." -- 31 Қазан 2019
САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев ..." -- 28 Қазан 2019

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» №412 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне біріктіру жөнінде қаулы қабылдады.

Осыған орай, Қызылорда облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау функциясын  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) жүзеге асырады.

Департамент базасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша «Қауырт желі» жұмыс жасайды және облыс тұрғындарына тегін кеңес беріледі. Сонымен қатар департамент мамандары тарапынан азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі, олардың ауызша немесе жазбаша өтініштерін қарайды және шешімдер қабылдайды, кеңес береді, наразылық құрастыруға  және басқа да әдістемелік көмек көрсетіледі.

Осы шаралардың басты мақсаты тұтынушылар арасында құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті көтеру болып табылады.

Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі №5 үй, №210 кабинет, телефон (87242) 26-22-61, 26-23-67.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Scroll to top