Ақпараттық хабарлама! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі аудандық ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік -- "2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ ..." -- 07 Желтоқсан 2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы -- "  Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың ... -- "Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол ... -- "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы аясында жүз екі жеңімпаз анықталды -- "Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен ..." -- 04 Желтоқсан 2017
ҚҰТТЫҚТАУ! -- "Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды ..." -- 30 Қараша 2017
Тұқым шаруашылығынан күріш және тағы да басқа ауыл шаруашылығы ... -- "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2017 ..." -- 30 Қараша 2017
Баспасөз релизі -- "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ..." -- 29 Қараша 2017

Электронды басқару – қазіргі қоғамда басқарудың бір тетігіне айналды. Әлемнің дамушы елдерінің басым көпшілігінде басқаруды орталық­сыздандыру жергілікті дамудың аса маңызды құралдарына айналды. Қазір қарап отырсақ, қай  нәрсенің болсын электронды нұсқасы бар. Мәселен, электронды үкімет, электронды оқулық, электронды кітапхана, электронды басқару, электронды жолақы,  электронды құжат, тіпті БАҚ-тың да элек­тронды нұсқасы бар. Кез келген азамат 80-ге жуық құжат түрін нақтырақ айтсақ, мекенжай туралы анықтама, жылжымайтын мүлік, салық, айыппұлдарға қатысты деректерді үйде отырып-ақ электронды порталдың көмегімен алуға болады. Тіпті алдағы жылдан бас­тап балабақшаға кезекке тұру үрдісі автоматтандырылады және ол адами факторсыз ашық болады. Жер телімдерін беру де бірыңғай электронды платформа арқылы ашық жүреді. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының  жеңілдіктері.

Ақпараттық ғасырдың жұртшылық үшін ең тиімді тұсы да мемлекет пен қо­ғам арасындағы байланыс­ты одан сайын жақындастыруында болып отыр. Елбасының Қазақстанның «Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жолдауында экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуіне лайықталғанын айта келе, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс екенімізді міндеттейді. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индус­триялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты, – деген еді Елбасы өз Жолдауында.
Тез құбылып, шапшаң өзгеріп жатқан жылдам заманда қарапайым, жеңіл және ыңғайлы тәсілмен қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып мемлекеттің қоғам үшін барлық бағытта ұтқыр қарым-қатынас жасай білуі бұқара жұртшылықтың өміріне ғана емес, тұтастай елдік бәсекелестікке де өз әсерін тигізуде. Халықтың сұраныс-талаптарын қанағаттандыру, оларға көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту да мемлекеттің қаншалықты ақпараттық технологияны игергендігін көрсетіп, замана көшіне қаншалықты ілесе алғандығын айғақтайды.
Осы тұрғыдан алғанда халыққа нақ­­ты қызметтерді сапалы жүргізудің кө­рі­­нісі «электрондық үкімет» арқылы жүзеге асады. «Электрондық үкімет» мемлекет ат­­қаратын барлық қызметтер мен функциялар­ды электронды формат бойынша сапалы түрде жүзеге асыру дегенді білдіреді. Электронды үкімет бұл әлеуметтік жоба. Бұл жүйенің тиімділігі дүниежүзінде әлдеқашан дәлелденіп қойған. Мәселен, бірінші кезекте халық­тың уақытын үнемдейді, мемлекеттік қызметтерге қатысты көптеген шаруаны үйде отырып-ақ шешуге мүмкіндік береді. Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойылады. Үшіншіден, электронды үкімет қоғамды қағазбастылықтан арылтып, миллиондаған қаражатты үнемдеуге көмегін тигізеді. Бұрындары адамдар бір жапырақ қағаз алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, оператордың алдына кезекке тұратын. Ал қазір, өздеріне қажетті құжатты үйлерінде отырып-ақ рәсімдей алады. Орталыққа келген күннің өзінде қажетті құжатын электронды қызмет көрсету аппаратынан алуға болады. Өйткені, электронды ақпараттық қызмет өз тиімділігін дәлелдеді.
Жанар Бейсенбаева кент тұрғыны: – Мен мектепте мұғалім болып қызмет атқарамын. Электронды формат жүйесіне көшіп жатқанымызды күнделікті теледидардан көріп, газет-журналдан оқып отырмыз. Уақыт үнемдеу жағына келсек, бұл өте қолайлы. Әсіресе, біз секілді білім саласының мамандарына. Педагогтардың құжат рәсімдеу мәселесінде көбінесе уақыттары болмай жатады. Сол себепті, үкімет басында отырған азаматтардың құжат машақатын қолға алып, электронды қызметті үйде отырып-ақ пайдалануды дұрыс деп білемін. «Ақпаратты Қазақстан – 2020» бағ­дарламасы аясында 2020 жылға дейін қол жеткізген жетістіктеріміз жетерлік. Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 80 пайызға жетіп, интернет желісін қолданушылардың саны 75 пайызын құрамақ.  Ақпараттық қызмет көрсетулерден басқа, «Электрондық пошта», «Байланыстар», «Күнтізбелік жоспарлау», «Жазылу» секілді сервистер де қосымша жүзеге асып келді. Ал соның ішінде ең алғашқы электрондық қызмет түрі порталда 2007 жылы пайда болған еді. Бұл ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығындағы салым­шылардың зейнетақылық салымдарының есепшотқа түсуі туралы ақпарат берілген болатын. Дәл осы қызметтің түрі күні бүгінге дейін порталдағы ең көп сұранысқа ие қызмет түрі болып саналады.
Президент Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технология­мен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» дегеніндей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Келесі жылы бала туған кезде, мәлімет бірден денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне түседі. Одан АХАЖ-ға түседі, ол жерден ЖСН беріледі де, ары қарай мәлімет еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне барады. Сөйтіп тиісті төлемдер аударылады. Одан соң сәбиге қатысты ақпарат электронды әкімдіктерге жетеді де, автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов үкімет отырысында.
– Жер телімдері мен бала бақшаға кезек әкімдіктерде жүреді. Егер балабақша кезегі корпорация арқылы ашық өтсе, халық бізге алғыс айтатын болады. Әкімдіктегі комиссияға барудың керегі жоқ, өзіңе ыңғайлы үйдің жанындағы бақшаға тұрып, кезекті күнде онлайн бақылап отырады. Машина автоматты түрде өзі анықтайды. Жер телімдері бойынша да солай.
Маусым айынан бастап айыппұл төлемегендерді ұшақтан түсіріп тастау үрдісі тоқтайды. Әуежайдан бірден онлайн төлеп, ұшып кете бересіз. Ал телефон нөмірін жеке сәйкестендіру нөміріне тіркеп, тиісті құжаттарды үйде отырып алуға мүмкіндік болады. Бірінші шілдеден бастап электронды қолтаңбасыз 20 түрлі қызмет көрсетіледі.
Бақытжан Сағынтаев құжат машақатымен адамдарды әуреге салып жүгіртіп қоюды доғаруды тапсырды. Мемлекет қызмет көрсете ме, демек керек құжаттарды бірыңғай ішкі жүйе арқылы өзіміз жинап алуымыз керек, – дегенді назарға салды. Сондықтан, болашақта электронды мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi үйде отырып-ақ пайдаланатын боламыз. Бұл халық үшін жасалып жатқан үлкен жеңілдік.

А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ

Видео ақпараттар

Scroll to top