ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ШИЕЛІНІҢ ТӨРІНДЕ -- "Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қызылорда ..." -- 15 Қараша 2018
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "" -- 12 Қараша 2018
5 сұрақ -- "5 сұрақ Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма ..." -- 09 Қараша 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Өзіне-өзі қызмет көрсету ..." -- 05 Қараша 2018
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа қолжетімді әуе компаниясын құруды тапсырды -- "Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрі ..." -- 05 Қараша 2018
«7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем ... -- "«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың ..." -- 05 Қараша 2018
8 қарашада Астанада мемлекет басшыларының деңгейінде ҰҚШҰ кеңесі өтеді -- "8 қарашада Астана қаласында мемлекет ..." -- 05 Қараша 2018
Астанада баспана үшін берілетін бір миллион теңгені кімдер ала алады? -- "Тұрғын үй алу үшін денсаулық сақтау, білім, ..." -- 05 Қараша 2018
ЕГІНІ ЖАЙҚАЛЫП, ҮЗДІК ШЫҚҚАН ШИЕЛІ -- "Шиелі өңірі – халқымыздың қашаннан береке, құт ..." -- 02 Қараша 2018

Бейсенбі күні аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мәдениет үйінде «Тамырлы тарихтан бағдарлы болашаққа» тақырыбында аудан жастарына лекция оқыды. Кездесуде аудан басшысы ағынан жарылып, ақыл-кеңесін аямады. Әсіресе, жастарды уақытын текке өткізіп жалқаулыққа салынбай, сапалы білім алуға шақырды.

Сондай-ақ, Елбасы мақаласындағы «Рухани жаңғырудың» басты шарты жайлы сөз қозғады. «Тамырлы тарихтан нәр алып, бағдарлы болашаққа жол көрсету – аудан басшысы ретінде менің жастар алдындағы рухани миссиям», – деді Қ.Әубәкірұлы.
Сондықтан қыз-жігіттерді білім қууға, шет тілдерін үйреніп, адал еңбек етуге үндеді. Ал жалқаулыққа салынып, оқымағандардың көш соңында қалатынын қадап айтты.
– Шәкәрімнің «Әлемді қозғаймын десең, бірінші өзіңді қозға» деген сөзі бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Өздеріңіз білесіздер, ХХІ ғасыр бәсекеге қабілеттілердің алтын ғасыры. Алайда, өкінішке орай мектептегі білімінің өзін міндетсініп, колледжде көңіл көтеріп, университеттен ешнәрсе үйренбей, уақытын босқа өткізетін жастарымыз бар. Олар бәсекеге қабілетті бола тұра, оқу бітіріп келіп үйлерінде жатып, жұмыс жоқ дейтін, ата-анасының тапқан қаржысына күн көретін жалқау жастар. Бұл мектепте тек білімге назар аудармай, тәрбие мәселесіне де баса ден қоятын уақыттың келгенін білдіреді. Үкімет бізге бар жағдайды жасады. Бұдан бұлай мемлекетпен әріптес болуымыз керек. Ол үшін сапалы білім басты міндет болуы шарт. Мақсаты айқын болашаққа сіздер сияқты креативті ойлай алатын алғыр жастар керек. Біздің ұл-қыздарымыз бірінші кезекте өзін-өзі басқаруды үйренуі қажет, – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, қазіргі өскелең ұрпақтың кемшіліктері мен міндеттерін нықтап көрсетті. Мәселен, жастардың әлеуметтік желіге тәуелділігі, жат ағымдардың жетегінде кетуі, кітап оқу, тіпті, вконтакте желісіндегі аудандағы 32 мыңнан аса тіркелушісі бар ең үлкен топ «Признавашки Шиелі» жайлы да өз ойын білдірді. Ондағы салынған суреттер мен жазбаларға қарап, бүгінгі қара көз қыздарымыздың еш арланбай жігіттерге сезімін білдіретініне қапаланатынын жеткізді.
Сондай-ақ, шетелдің жалаңаш жұлдыздарына еліктеп, қызша киінген жігіттерді де сынға алды. «Еуропаның жігіттеріне ол қылығы жарасатын шығар, ал, біздің азаматтарымызға қасқыр секілді қайсар болған жарасады», – деп түйіндеді аудан басшысы. Сөз соңында бітіруші түлектерге сәттілік пен жоғары жетістіктер тіледі. Жиынға қатысушылар да өз ойларын білдіріп, аудан басшысына сұрақтарын қойды.
Содан соң, аудандық жастар партиясының мүшелеріне салтанатты түрде төсбелгі тағып, жиынды қорытындылады.

Гүлхан ЯХИЯЕВА

Видео ақпараттар

Scroll to top