АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Алмалы ауылдық округінің әкімі Болат Тұрматұлының ..." -- 18 Қаңтар 2018
АҚТОҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "  Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің ..." -- 18 Қаңтар 2018
ТАЛАПТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ -- "Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінің әкімі ..." -- 18 Қаңтар 2018
Хабарландыру!!!! -- "" -- 17 Қаңтар 2018
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ -- "Ақмая ауылдық округі: Елбасымыздың биылғы ..." -- 15 Қаңтар 2018
Көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба ... -- "Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан ..." -- 15 Қаңтар 2018
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж ... -- "Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары ..." -- 10 Қаңтар 2018
Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді -- "Кеше Шиелі ауданында Қызылорда облысы әкімінің ..." -- 10 Қаңтар 2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің ... -- "«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра ..." -- 08 Қаңтар 2018

ЖОБА 

«2017-2019 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы»

Шиелі аудандық мәслихатының 2016

жылғы 23 желтоқсандағы

№7/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

        

           «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №7/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда 5687 нөмірімен тіркелген, «Өскен Өңір» газетінде 2017 жылы 10 қаңтарда және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 1 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

         1) кірістер - 12 671 392,1 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 1 628 031 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 19 087,6 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 38 195 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 10 986 078,5 мың теңге;

         2) шығындар - 12 805 797 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 218 366 мың теңге;

         бюджеттік кредиттер - 272 280 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 53 914 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

    2

         мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 352 770,9 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                   - 352 770,9 мың теңге;  

         қарыздар түсімі - 272 280 мың теңге;

         қарыздарды өтеу - 53 914 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 134 404,9 мың теңге.»;

         аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес         жаңа редакцияда жазылсын.

         аталған шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес         жаңа редакцияда жазылсын.

         аталған шешімнің 7-қосымшасы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес         жаңа редакцияда жазылсын.

         аталған шешімнің 8-қосымшасы осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес         жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс сессиясының төрағасы,                                             

аудандық мәслихат хатшысы:                                                Б. Сыздықов

 

 жүктеу...

Видео ақпараттар

Scroll to top