АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ байланыс орталығының ..." -- 10 Сәуір 2020
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер ... -- "Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге ..." -- 10 Сәуір 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сілтеме бойынша әкімдіктің интернет-порталында ..." -- 10 Сәуір 2020
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020

Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай!

БЖЗҚ салымшылары ерікті зейнетақы жарналары есебінен жасалған шарт бойынша жарналарды электрондық әдіспен қалай төлейді?

Соңғы уақытта Қазақстан азаматтары ақшасыз аударымдар жасау барысында әр түрлі банк қосымшаларын жиі пайдалануда. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл үрдістен қалыс қалмай, өз қызметтерін әр түрлі электрондық сервистерге ауыстырып жатыр. Осылайша Қор өз жүйесін мемлекеттік органдармен ғана емес, екінші деңгейдегі банк жүйелерімен де ықпалдастыруды қолға алды.  

Ерікті зейнетақы шоттарына жарналарды Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аудару – БЖЗҚ салымшылары үшін керемет жаңалық болды. Қазіргі уақытта Kaspi.kz қосымшасын пайдаланатын кез келген азамат ерікті зейнетақы шотына жарналарды ешқандай комиссиясыз аудара алады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және Kaspi.kz қосымшасы жүктелген әрі интернетке қосылған смартфоны немесе планшеті болса жеткілікті. Әрі қарай жарна аудару өте тез, жеңіл әрі ыңғайлы. Бұл үшін Kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Төлемдер» бөліміндегі іздеу жолағына – «Ерікті зейнетақы жарналары» деп жазу керек. Бұдан кейін ЖСН бағанын толтырып, қажетті соманы енгізсеңіз болғаны.

Айта кетелік, өзіңіздің ғана емес, кез келген үшінші тұлғаның – мысалы, жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тіпті жас балаңыздың да ерікті зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз жетіп жатыр. Ерікті жарналарды кәмелетке толмағандардың атына да аударуға болады. 

Бұдан басқа ерікті зейнетақы шотын өзіне-өзі қызмет көрсетуші Halyk Bank терминалы арқылы да толықтыруға мүмкіндік бар. Мұндай құрылғылар аталмыш банктің әрбір бөлімшесінде орнатылған. Бұл жерде төлем сомасының 0,3 пайызы көлемінде комиссия ұсталынады (комиссия 100 теңгеден төмен болмайды).  

Сонымен қатар ерікті жарналарды дәстүрлі тәсілмен – екінші деңгейдегі банктердің кассасы немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы төлеуге болады. Бұл жағдайда да тиісті комиссия қарастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Scroll to top