ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін Шиелі ауданында аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Жағыпбаровтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Жағыпбаров ең алдымен, орын алған кадрлық өзгерістерге тоқталып, Гигант ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалған Ақбергенов Жомарт Ақтайұлын таныстырып өтті.

Мәжіліске аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, ішкі істер органы мен мекеме басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

«NurOtan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің жұмыс сапары туралы» «NurOtan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Маханбет Патима Шәймерденқызының баяндамасы тыңдалды.

Аудандағы көктемгі мерзімді әскерге шақыру барысы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Шарипаев Руслан Әкімжанұлымен кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, қызметтік автокөліктердің тек қызметтік мақсатта пайдалануын қамтамасыз ету туралы аудан әкімінің аппарат басшысы Күлбаев Ғалымжан Қыдырияұлы хабарлама жасады.

Мәжіліс соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Жағыпбаров тиісті мекеме, бөлім басшыларына, кент, ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.

Scroll to top