Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020
ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ -- "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және ..." -- 02 Наурыз 2020
Прокуратура марқұмды жуындыру кезінде түсірілген видеоға қатысты ... -- "Бүгін марқұмның анасы прокуратураға Дулат ..." -- 28 Ақпан 2020

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Шиелі ауданында өткен актив отырысына қатысты. Активте аудан әкімі Әшім Оразбекұлын зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті еңбек демалысына шығарып салу шарасы өтті.

Аймақ басшысы Әшім Оразбекұлының басшылығымен Шиелі ауданында экономикалық өсу қамтамасыз етіліп және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізілгендігін айтты.

"Ауыл шаруашылығында төрт түлік мал саны 14% артты.
Негізгі дақыл - күріштен гектарына 61,2 центнерден өнім алынды. Облыста ең алғаш болып Шиелі ауданында егін шаруашылығын цифрландыру жұмыстары басталды. Өнеркәсіп саласы қарқынды дамуда. "Гежуба Шиелі" цемент зауыты, шағын әк зауыты, темір-бетон зауыттары пайдалануға берілді. Индустриалдық аймаққа инфрақұрылым (темір жол, тас жол, газ ,ауыз су, электр энергиясы ) толықтай жүргізілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері 2017 жылмен салыстарғанда 105,6% артты. Оның ішінде, жұмыс істеп тұрғандары 92% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция соңғы 3 жылда 126 млрд. теңгені құрап, 2017 жылға қарағанда 3 есеге артты. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында соңғы 3 жыл көлемінде барлығы 27 нысан салынып, пайдалануға берілді. 11 нысанның құрылысы биыл басталуда. Құны 26 млрд. теңге болатын, сағатына 50 мегаваттқа дейін электр энергиясын өндіретін "Байқоңыр-Солар" күн электр станциясы, 150 орындық аудандық аурухана, 18 пәтерлік тұрғын үй, "Рухани жаңғыру аллеясы", "Рәміздер алаңы" сквері мен біршама әлеуметтік маңыздағы нысандар мен жол, көпір құрылыстары салынды",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

2018 жылдың қорытындысымен Шиелі ауданы «Үздік аудан» атанып, I дәрежелі дипломын иеленсе, 2019 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша "Үздік аудан" номинациясымен марапатталды.

Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Әшім Оразбекұлына аймақтың ең жоғарғы наградасы Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

Аудан активіне арнайы келіп қатысқан Қызылорда облысының құрметті азаматы Қорғанбек Қайруллаев пен ақсақалдар Әшім Оразбекұлының жұмысын жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.

Ә.Оразбекұлы да әріптестері мен аудан тұрғындарына бірлесіп атқарған жұмыстары мен көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.
Аймақ басшысы ауданға жаңа әкім тағайындалғанша аудан әкімінің міндетін Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы атқаратындығын жеткізді.

Видео ақпараттар

Scroll to top