КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ -- "КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ Бүгін Шиелі ..." -- 24 Ақпан 2020
БЖЗҚ салымшылары зейнетақы калькуляторын миллион реттен аса ... -- "Қордың ең танымал сервистерінің бірі әрбір ..." -- 18 Ақпан 2020
ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ -- "ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ ..." -- 18 Ақпан 2020
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ -- "Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен ..." -- 18 Ақпан 2020
Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің басты талабы -- "Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің ..." -- 13 Ақпан 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ ..." -- 13 Ақпан 2020
АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ -- "АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ ..." -- 05 Ақпан 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары..." -- 04 Ақпан 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Аудан әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және ..." -- 31 Қаңтар 2020

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Облыс әкімі Қ.Ысқақов Шиелі ауданына қарасты бірқатар елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесті.

Өңір басшысы тұрғындармен кездесуін Гигант ауылдық округінен бастады. Кездесуге келгендер ауылдық жерлерді аралап, халықтың тыныс-тіршілігімен танысып жүрген облыс әкіміне ризашылықтарын жеткізді.

Ал, ақмаялықтармен кездесуде тұрғындар көгілдір отын мәселесін көтерді. Жеке кәсіпкер Дәулет Жұмабеков мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында газ мәселесін шешетінін айтты. Аймақ басшысы жауапты сала мамандарына бірігіп ауылға газ кіргізуді тапсырды.

Облыс әкімі Қ.Ысқақов Төңкеріс, Ш.Қодаманов, Еңбекші,Керделі, Н.Бекежанов ауылдарын да аралап көрді. Төңкеріс ауылының тұрғыны Әбітқан Мизамбаев ақсақал "Ауылымызда көтеретін мәселе жоқ. Спорттық клуб салынған, мұнда түрлі үйірмелерге қара домалақтарымызды баулып келеді. Аудандық әкімдік алдағы уақытта әуез мектебін қайта жаңғыртудан өткізетіндігін айтты", - деп батасын берді.

4000 мыңнан аса тұрғыны бар Жуантөбе ауылдық округінде тұрғындар табиғи газ кіргізу мен көшені жарықтандыру мәселесін көтерді. Аймақ басшысы Сырдария,Жалағаш, Шиелі ауданы мен Жосалы кентіне көгілдір отын тарту шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, аудан орталығындағы Шиелі индустриалды - аграрлық колледжінің жұмысымен танысып, оқытушылармен және студенттермен пікірлесті.

Мұнан кейін Қуанышбек Досмайылұлы Телікөл мен Ә.Тәжібаев ауылдарында болып тұрғындармен кездесті.

Scroll to top