ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сілтеме бойынша әкімдіктің интернет-порталында ..." -- 10 Сәуір 2020
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020

Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында Шиелі ауданында облыс әкімі Қ.Ысқақов пен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевтің қатысуымен 150 орындық аурухананың ашылу салтанаты өтті.

Құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында басталған аудандық аурухананың жобалық құны 5 млрд 5 млн теңгені құрайды. Жаңа медициналық мекемеде барлық қызмет түрі көрсетілетін болады. Ауруханада қолданыста бұрын да болған, бірақ, қызметі бірнеше есе жетілдірілген лапроскопиялық ота жасайтын видеостойка, жаңа туған нәрестеден бастап ересектерге дейін қолдануға болатын жасанды желдендіру аппараттары, шала туған нәрестелерді бірқалыпты жылуда ұстап тұратын кювездер, ауыр ждағдайдағы науқастардың жатуына ыңғайлы автоматты түрде көтеріліп-түсетін функционалды кереуеттерден бөлек, жаңа техникалық жабдықтармен қамтылған.

Аймақ басшысы аудан халқын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Атап өту керек, Сыр өңірі әлеуметтік салаға қаржы бөлуден аймақтар арасында көш бастап тұр.

Емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында ауданаралық аурухананың жаңа ғимаратына құны 2 млрд 226 млн. теңге болатын құрал-жабдықтар беріліп отыр.

Scroll to top