Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі аудандық комиссия отырысы өткізілді
ШИЕЛІ ауданында аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі аудандық комиссия отырысы өткізілді.
Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Б. Жаниязов жүргізіп отырды.
Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі аудандық комиссия мүшелері (тізім бойынша), аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дербес бөлім мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кезекті мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссия отырысының күн тәртібіне 3 түрлі мәселе талқыланды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін зерделеу, насихаттау және дұрыс қолдану мәселелеріне байланысты аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Абдрахман Бағлан Сейдубатталұлыхабарлама жасады.
Өскелең ұрпақтың мемлекеттік рәміздерді құрметтеуін қалыптастыру, олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сапарбай Нариман Құлахметұлы баяндады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық Заңының орындалуы мен мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолдану жұмыстары туралы Майлытоғай ауылдық округінің әкімі Асанов Қойшыбай Мадиярұлы, Ортақшыл ауылдық округінің әкімі Ноғайбаев Жақсылық Нұриддинұлы және Ақтоған ауылдық округінің жетекші маманы Қанағат Қалекеев есеп берді.
Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздерді заңдылығына сай қолданылу мәселесіне сәйкес аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне , дербес бөлім мен мекеме басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапмсырмалар берді.
-
Жаңартылған уақыты: 27 Қараша 2019
Кірушілер есебі
Бүгін | 748 |
Кеше | 733 |
Осы аптада | 3427 |
Осы айда | 3708 |
Барлығы | 192541 |
Жиі қаралатын ақпараттар
- KASE қорытындысы: $1 = 319,66
- ҚҰТТЫҚТАУ!!!
- БЖЗҚ әрдайым байланыста
- РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЛЛЕЯСЫ
- Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті. Сарапшы пікірі
- 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Жаңатұрмыс ауылдық округі