ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020
Онлайн - сауда. -- "Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен ..." -- 12 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 03 Наурыз 2020

Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыларға жолдама беру үшін үстіміздегі жылдың 14 тамызынан бастап 10 жұмыс күні ішінде құжаттар қабылдайтынын хабарлайды. Құжат қабылдау уақыты сағат 9:00-19:00 аралығы, түскі үзіліс уақыты сағат 13:00-15:00 аралығы. «Бакытты отбасы» бағдарламасына қатысушалар және олардың шарттары төмендегідей негізге сәйкес болуы қажет.

Бағдарлама қатысушылары:

- 4 және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар;

- Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар;

- Отбасында мүмкіндігі шектеулі балалы отбасылар.

Бағдарлама шарттары:

- Қазақстан Республикасының азаматы;

- Өз меншігінде тұрғын үйдің болмауы;

- Соңғы 6 айда ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың 42 500 (1-ЕТЖ)аспайтын орташа табыстың болуы;

- Некені бұзған кезден бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);

- Төлем қабілетін растау;

- Әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұру.

Бағдарлама аясында сатып алынатын үйлер:

-Жаңа салынған үйден жаңа пәтер;

-Қолданыста болған пәтер;

-Жеке тұрғын үй.

Несие шарттары:

Қарыз сомасы – 15 млн.теңгеге дейін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында) және 10 млн.теңгеге дейін (басқа аймақтарда);

Қарыз мөлшерлемесі – 2% жылдық;

Бастапқы жарна – несие сомасының 10%-нан бастап (жаңа салынған үй сатып алу үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін әкімдік бөлетін тұрғын үй сертификаты есебінен жабуға болады);

Несие мерзімі- 20 жылға дейін;

Кепілдік Банк талабына сәйкес келуі қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

- Тұрғын үй кезегінде тұрғаны туралы анықтама;

- Отбасы мүшелерінің жеке куәліктері;

- Неке қию немесе неке бұзу куәлігі;

- Соңғы 6 айлық табысы туралы анықтама;

Сатып алынатын үйдің құқығын растайтын құжаттары.

Құжат қабылдау орны:

Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданы, И.Әбдікәрімов көшесі №11 үй. 2 қабат. «Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-і. Хабарласу телефоны: 8(72432)35-5-05

Scroll to top