3.ГИГАНТ (БИДАЙКӨЛ), ЖУАНТӨБЕ, БЕСТАМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ХАЛЫҚ ... -- "3.ГИГАНТ (БИДАЙКӨЛ), ЖУАНТӨБЕ, БЕСТАМ АУЫЛДЫҚ ..." -- 20 Қаңтар 2020
2.ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ЕҢБЕКШІ, ЖИДЕЛІ, ТАЛАПТАН ... -- "2.ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ЕҢБЕКШІ, ЖИДЕЛІ ..." -- 20 Қаңтар 2020
1.КЕРДЕЛІ, АҚМАЯ, ТӨҢКЕРІС АУЫЛДАРЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "1.КЕРДЕЛІ, АҚМАЯ, ТӨҢКЕРІС АУЫЛДАРЫНДА ЕСЕП БЕРУ ..." -- 20 Қаңтар 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылғы 16 қаңтар Зейнетақы жинақтарын ..." -- 17 Қаңтар 2020
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА -- "Аудан прокурорының өкімімен қадағалау аумағындағы ..." -- 10 Қаңтар 2020
Құрметті аудан тұрғындары! -- "Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі «Сенім ..." -- 27 Желтоқсан 2019
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 сессиясын шақыру ... -- "  Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 ..." -- 25 Желтоқсан 2019
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің зейнетақысы (ЕЭО) -- "Өмір болған соң адамдарың мекенжайын ауыстырып ..." -- 24 Желтоқсан 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ -- "Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Тәуелсіздік күні ..." -- 23 Желтоқсан 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА АШЫЛДЫ -- "Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында Шиелі ауданында ..." -- 23 Желтоқсан 2019

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ

Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Шиелі аудандық Орталық мешітінің бас имамы Улжаев Бақыт Бахрамұлының қатысуымен журналистерге арналған брифинг болып өтті.

Имам осы шараға қатысып отырған журналистер қауымын алдағы қасиетті мерекемен құттықтап, елдің амандығына дұға тіледі.

Брифинг барысында бас имам Бақыт Улжаев құрбан айт мерекесінің тарихын қозғап, құрбан айт мейрамының мән-мақсатын түсіндіріп, малдың қай түрлері және қалай шалыну керек екендігі айтылды. Бұл мереке күндері әр мұсылманға жағдайы келсе құрбан шалу міндет етіледі.

Құрбан айттың алғашқы күні 11 тамыз күні таңғы сағат 7:00-де ауданның барлық мешіттерінде айт намазы оқылады. Осы намаздан кейін құрбан шалушылар құрбан шалу рәсімдерін бастайды.

Сонымен қатар, мешітке қайырымдылық негізде берілген құрбандық малы еттері де мұқтаж отбасыларға таратылады. Бұдан басқа спорттық шаралар ұйымдастырылып, бауырсақ, тәтті сусын, балмұздақтар таратылатын болады.

Кездесу соңында Бақыт Бахрамұлы журналистердің сауалдарына жауап берді.

Scroll to top