БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді -- "БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді   ..." -- 27 Қаңтар 2020
3.ГИГАНТ (БИДАЙКӨЛ), ЖУАНТӨБЕ, БЕСТАМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ХАЛЫҚ ... -- "3.ГИГАНТ (БИДАЙКӨЛ), ЖУАНТӨБЕ, БЕСТАМ АУЫЛДЫҚ ..." -- 20 Қаңтар 2020
2.ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ЕҢБЕКШІ, ЖИДЕЛІ, ТАЛАПТАН ... -- "2.ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ЕҢБЕКШІ, ЖИДЕЛІ ..." -- 20 Қаңтар 2020
1.КЕРДЕЛІ, АҚМАЯ, ТӨҢКЕРІС АУЫЛДАРЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ -- "1.КЕРДЕЛІ, АҚМАЯ, ТӨҢКЕРІС АУЫЛДАРЫНДА ЕСЕП БЕРУ ..." -- 20 Қаңтар 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылғы 16 қаңтар Зейнетақы жинақтарын ..." -- 17 Қаңтар 2020
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА -- "Аудан прокурорының өкімімен қадағалау аумағындағы ..." -- 10 Қаңтар 2020
Құрметті аудан тұрғындары! -- "Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі «Сенім ..." -- 27 Желтоқсан 2019
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 сессиясын шақыру ... -- "  Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 ..." -- 25 Желтоқсан 2019
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің зейнетақысы (ЕЭО) -- "Өмір болған соң адамдарың мекенжайын ауыстырып ..." -- 24 Желтоқсан 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ -- "Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Тәуелсіздік күні ..." -- 23 Желтоқсан 2019

Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыларға жолдама беру үшін үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап 5 жұмыс күні ішінде құжаттар қабылдайтынын хабарлайды. Құжат қабылдау уақыты сағат 9:00-19:00 аралығы, түскі үзіліс уақыты сағат 13:00-15:00 аралығы. «Бақытты отбасы»  бағдарламасына қатысушалар және олардың шарттары төмендегідей негізге сәйкес болуы қажет.

Бағдарлама қатысушылары:

  • 4 және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар;
  • Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар;
  • Отбасында мүмкіндігі шектеулі балалы отбасылар.

Бағдарлама шарттары:

  • Қазақстан Республикасының азаматы;
  • Өз меншігінде тұрғын үйдің болмауы;
  • Соңғы 6 айда ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың 42 500 (1-ЕТЖ)аспайтын орташа табыстың болуы;
  • Некені бұзған кезден бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
  • Төлем қабілетін растау;
  • Әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұру.

Бағдарлама аясында сатып алынатын үйлер:

-Жаңа салынған үйден жаңа пәтер;

-Қолданыста болған пәтер;

-Жеке тұрғын үй.

Несие шарттары:

Қарыз сомасы – 15 млн.теңгеге дейін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында) және 10 млн.теңгеге дейін (басқа аймақтарда);

Қарыз мөлшерлемесі – 2% жылдық;

Бастапқы жарна – несие сомасының 10%-нан бастап (жаңа салынған үй сатып алу үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін әкімдік бөлетін тұрғын үй сертификаты есебінен жабуға болады);

Несие мерзімі- 20 жылға дейін;

Кепілдік Банк талабына сәйкес келуі қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Тұрғын үй кезегінде тұрғаны туралы анықтама;
  • Отбасы мүшелерінің жеке куәліктері;
  • Неке қию немесе неке бұзу куәлігі;
  • Соңғы 6 айлық табысы туралы анықтама;

Сатып алынатын үйдің құқығын растайтын құжаттары.

Құжат қабылдау орны: 

 Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданы, И.Әбдікәрімов көшесі №11 үй. 2 қабат. «Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі» КММ-і. Хабарласу телефоны: 8(72432)35-5-05

Scroll to top