Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №18-02/45 бұйрығымен бекітілген «Орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізудегі байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру» қағидасының 7 тармағына сәйкес «Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, ескі «Самара – Шымкент» автожолының №20 бекет пен Алмалы елді мекені аралығындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан автомобиль жолының құрылысы үшін жалпы көлемі 1,5 гектар жерді тұрақты пайдалануға беру жөніндегі қоғамдық тыңдау 2019 жылы 28 маусымда сағат 15:00-де Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, И. Абдикаримов көшесі, №11 мекенжайында орналасқан «Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтетінін хабарлаймыз, хабарласу телефоны: 8 (72432) 35-5-05

Ескертулер мен ұсыныстарды мына электрондық поштаға жіберіңіз: e-mail: jkx_shieli@mail.ru немесе 8 (72432) 35-5-05 телефон нөмірінен ақпарат алуға болады.