ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019
Салымшылардың алтын уақыты үнемделеді -- "БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының ..." -- 03 Шілде 2019
БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар ..." -- 14 Маусым 2019
Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту -- "2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан ..." -- 04 Маусым 2019
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты -- "Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік ..." -- 03 Маусым 2019
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды -- "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ..." -- 03 Маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң ... -- "Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен ..." -- 03 Маусым 2019
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ -- "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ..." -- 30 Мамыр 2019

Кеше Шиелі ауданында 9 мамыр — Жеңіс күніне орай «Тағзым алаңы» алдында «Ұрпаққа ұран-Ұлы Жеңіс» атты мерекелік шара өтті. Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған іс-шараға аудан орталығының тыл және еңбек ардагерлері, ауыл тұрғындары мен қонақтар елі мен жері үшін аянбай қаны мен терін төккен туыстарына тағзым етуге жиналды. ЖиынғаҰлы Отан Соғысының ардагері С.Байжанов және мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ардагерлерді мерекемен құттықтады. Әр жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күнін көкірегімізді кернеген ерекше мақтанышпен, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге деген айрықша ризашылықпен қарсы аламыз. Жеңіс мерекесі – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі, тыл еңбеккерлерінің қаһармандығы, бейбіт күндеріміз үшін қантөгіс майданда жанын қиған батырларымызға арналады. Сіздердің ерліктеріңіз бен мұқалмас қажыр-қайратыңыз өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін Отанға деген қайсар рухтың мықтылығы мен отан сүйгіштік сезімнің шексіз өнегесі болып табылады. Отанымыздың тарихында алтын әріптермен жазылған бүгінгі қастерлі күні біз соғыста еліміз үшін қыршын өмірлерін қиып, елге оралмаған боздақтарды еске алып, олардың өшпес рухтарына бас иеміз — деді аудан басшысы.  Құттықтау сөздерден кейінҰлы Отан соғысының құрбандары мен марқұм болған майдангерлер рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. 

Салтанатты шара барысында жиылған қауым Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Ішкі істер бөлімінің сарбаздары жауынгерлер рухына арнап аспанға оқ атты. Сондай-ақ мерекеге байланысты жергілікті өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді шырқады.

Видео ақпараттар

Scroll to top