Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің басты талабы -- "Халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күннің ..." -- 13 Ақпан 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ ..." -- 13 Ақпан 2020
АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ -- "АУДАНЫМЫЗДАҒЫ "АБАЙ ЖЫЛЫ" ӘСЕРЛІ БАСТАЛДЫ ..." -- 05 Ақпан 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары..." -- 04 Ақпан 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Аудан әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және ..." -- 31 Қаңтар 2020
Сапалы және сапасыз тауарды айырбастау жолдары -- "Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым – қатынас ..." -- 30 Қаңтар 2020
АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ -- "Аудан әкімі Әшім Оразбекұлының ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ..." -- 29 Қаңтар 2020
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ -- "АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ Облыс ..." -- 29 Қаңтар 2020
БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді -- "БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап береді   ..." -- 27 Қаңтар 2020

«NurOtan» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс XXVІ конференциясы өтті. 

Бүгін Шиелі кентіндегі «Арман» мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXVІ конференциясы өтті. 

Конференцияға филиал төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы төрағалық етті. Барлық бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысқан жиында Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын–«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы туралы және «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайлау туралы екі мәселе қаралып, талқыланды. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе аясында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Маханбет Патима Шаймерденқызы, Еңбекші БПҰ төрағасы, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Омаров Байымбет Нарынбайұлы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әбенов Жандос Қажмұханұлы аудан бойынша атқарылған жұмыстармен алдағы міндеттер туралы баяндады. 

Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты Әмір Нұрлан Әмірұлымен бірқатар делегеттар жарыссөзге шығып өз ойларын білдірді. 

Бас қосудың соңғы мәселесі бойынша филиалдың Саяси кеңес мүшесі Ахметов Жандос Маралұлы облпартконференцияға ұсынылған делегаттардың тізімімен таныстырып, делегаттардың қолдауымен тиісті қаулылар қабылданды.

Scroll to top