АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  2019 жылғы 1 ..." -- 24 Сәуір 2019
Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік -- "Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік ..." -- 24 Сәуір 2019
АҚМАЯДАН ЖЕТКЕН ХАБАР -- "25 сәуірде өтетін Шиелі ауданы «Ақмая»  ..." -- 23 Сәуір 2019
ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР -- "Шиелі ауданында ақ күріштің атасы атанған, даңқты ..." -- 22 Сәуір 2019
«NurOtan» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс XXVІ ... -- "«NurOtan» партиясы Шиелі аудандық филиалының ..." -- 18 Сәуір 2019
Салықтық амнистия -- "Салықтық амнистия Ел басының 2018 жылғы 5 ..." -- 18 Сәуір 2019
«АСЫЛХАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ -- "«АСЫЛХАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ СҮТ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ..." -- 17 Сәуір 2019
ШИЕЛІДЕ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ӨТТІ -- "Бүгін Шиелі ауданында Қазақстан Республикасының ..." -- 06 Сәуір 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЛЛЕЯСЫ -- "Тәуелсіздік алған 28 жыл ішінде Шиелі ауданы күн ..." -- 05 Сәуір 2019
ШИЕЛІДЕ РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ -- "Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан ..." -- 05 Сәуір 2019

Бүгін Шиелі ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесі салтанатты түрде ашылды.

Шараның тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдардың докторы, профессоры Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры орынбасары Ақтаева Күлайша Қабдуәлиқызы, облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы, ардагерлер мен аудан тұрғындары, студент жастар қатысты.

Экскурсияға келушілерге Н.Ә. Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап Қаз КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі еңбек жолын баяндайтын сирек кездесетін бейнематериалдар, фотосуреттер, архивтік құжаттар және жәдігерлерден тұратын бірегей материалдар кешені ұсынылады.

«Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Өрлеу», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» және «Атамекен» тақырыптық экскурсиялары «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасы аясында өткізіледі.

Аудан басшысы Әшім Оразбекұлы шиеліліктерді елеулі оқиғамен құттықтады. Аудан халқының атынан Әмірхан Мұратбекұлына және Елбасы кіапханасының барлық қызметкерлеріне көрмені ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын. Әрқайсысымыз мемлекеттің қалай қалыптасқанын, қандай ауыр күндер болғанын, Қазақстан осы 28 жылдың ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында дүниежүзілік қауымдастықта шүбәсіз беделге қалай ие болғанын біліп, есте сақтаулдарымыз керек»,-деді аудан әкімі.

            Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Ә.М.Рахымжанов аудан әкімі Әшім Оразбекұлына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітаптарының жинағын салтанатты түрде табыстады.

#Қызылордаоблысы

#Шиеліауданы

Scroll to top