Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жаппай аудандық сенбілік өтті. 

Аудан әкімдігінің 14 бөлімі, аудандағы бірқатар кәсіпорындар, білім, медицина мекемелерінен 300-ге жуық қызметкерлері аудан орталығын қоқыстан тазартып, шөптерін шауып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді. Арнайы көліктер қоқыстарды аудан сыртына шығарды. 

Сонымен қатар, аудандағы барлық мекеме-кәсіпорындарға белгіленіп берілген тиесілі аумақтарға ағаш көшеттері отырғызылды. 

Аудан әкімі Әшім Оразбекұлының тапсырмасымен сенбілік апта сайын ұйымдастырылуда. Ондағы мақсат–ауданымызды таза әрі көрікті етіп ұстау. 

Сенбілікке мемлекеттік қызметкерлерден бөлек, аудан тұрғындары да атсалысты Алдағы уақытта аудан аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру мақсатындағы шаралар жалғасын табатын болады.