
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфелі
2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруындағы БЖЗҚ АҚ-ның зейнетақы активтері 9 378,03 млрд. теңгені құрап, бір жылда 1 603,21 млрд. теңгеге яғни, 20,62 пайызға өсті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 2018 жылы 917,1 млрд теңгені құрады. Қордың зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыстылығының мөлшері 2018 жылы 11,27 пайызды құраса, бұл кездегі инфляция 5,3 пайызды көрсетті.Осылайша зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 2018 жылы 5,97 пайыз болды.
Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (43,27 пайыз) тиесілі. Есептік күнге дейін теңгеде номиналданған мемлекеттік құнды қағаздар бойынша өтеуге қатысты орташа табыстылық жылына 6,9 пайызды, ал АҚШ долларында жылына 4,4 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің 13,86 пайызын құрады. 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін теңгеде номиналданған ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 10,3 пайызды, ал АҚШ долларына – жылдық 5,0 пайызды құрады.
2019 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнетақы активтері портфеліндегі депозиттер үлесі 2,9 пайызды құрап, олардың өтеуге қатысты орташа табыстылығы жылдық 9,6 пайызды көрсетті.
2019 жылдың 1 қаңтарына қарай ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары зейнетақы активтері портфелінің 13,5 пайызын құрады. Теңгеде номиналданған облигацияларды өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 10 пайызды, ал АҚШ долларында жылдық 6,6 пайызды көрсетті.
2019 жылдың 1 қаңтарына қарай шетелдердің мемлекеттік құнды қағаздарына шетел валютасында номиналданған инвестициялар үлесі 12,7 пайызды құрап, өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 3,9 пайызды көрсетті.
Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюта бойынша қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша келтірілген: құнды қағаздардың 67,2 пайызы ұлттық валютада инвестицияланған , АҚШ долларында – 32,37 пайыз , өзге валюталарда – 0,4 пайыз.
Сенімгерлікпен басқарудағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің құрылымдық бөлуі БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келеді.
-
Жаңартылған уақыты: 01 Ақпан 2019
Кірушілер есебі
Бүгін | 58 |
Кеше | 364 |
Осы аптада | 1531 |
Осы айда | 6471 |
Барлығы | 102524 |
Видео ақпараттар
Жиі қаралатын ақпараттар
- «Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- 170 летие Будабай Кабылулы
- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері
- Мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ұстап беру туралы заңды ратификациялады
- Атауы жоқ көшеге атау беру туралы
- Елбасы Ресей, Түркия және Иранның сыртқы істер министрлерімен кездесті
- «2018-2020 жылдарға арналған Гигант ауылдық округінің бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №19/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы