
ХАБАРЛАНДЫРУ
Шиелі ауданының қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашадағы №383-V Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Осы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау үшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұсыныстар 2019 жылғы 1 ақпанынан бастап
10 ақпан күні сағат 19:00-ге дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:
120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесіб №6 а.
байланыс телефоны – 4-25-42
электрондық мекен-жай: shieli_maslihat@mail.ru
Қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 19:00-ге, үзіліс: 13:00 - 15:00-ге дейін.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Шиелі ауданында тұратын азамат Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
жөніндегі жұмысшы тобы
-
Жаңартылған уақыты: 01 Ақпан 2019
Кірушілер есебі
Бүгін | 59 |
Кеше | 364 |
Осы аптада | 1532 |
Осы айда | 6472 |
Барлығы | 102525 |
Видео ақпараттар
Жиі қаралатын ақпараттар
- Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?
- Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігінің ең нәтижелі командасы атанды
- ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ
- «2018-2020 жылдарға арналған Гигант ауылдық округінің бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №19/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредитке өтініш беруге кезекте тұрған мамандар тізімі 2019 жыл
- «Атамекен» ҰКП