Б.Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін ... -- "Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан ..." -- 23 Ақпан 2018
KASE қорытындысы: $1 = 319,65 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 23 Ақпан 2018
Мемлекет басшысы еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ..." -- 23 Ақпан 2018
Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады -- "ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев теңге ..." -- 23 Ақпан 2018
Дариға Назарбаева Сингапур басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты ... -- "Дариға Назарбаева Сингапурдың жоғары басшылығымен ..." -- 23 Ақпан 2018
АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. ..." -- 23 Ақпан 2018
Зейнетақы төлемдері -- "  «Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы ..." -- 21 Ақпан 2018
хабарландыру -- "«Шиелі тас» ЖШС мекемесі құрылыс құм ондейтін ..." -- 20 Ақпан 2018
KASE-нің күндізгі сессиясы: $1 = 319,23 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 19 Ақпан 2018
Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады? -- "Наурыз айында Қазақстан халқы мереке күндерін ..." -- 19 Ақпан 2018

Жақында Қарағандыда белгілі боксшы Геннадий Головкиннің балалық шағы өткен 14-ші ықшамаудандағы № 11 үйдің ауласында балалар ойын кешенінің ашылу салтанаты өткен болатын. Спортшының көршілері "Новый Вестник" басылымының журналистеріне қарағандылық жігіттің балалық шағын қалай өткізгенін айтып берді. "Басқа балалар сияқты аулада кір-қожалақ болып жүгіріп жүретін. Мен біздің Генаны дүниеге келген сәтінен бері білемін. Мейірімді, елгезек бала болатын. Спортшының отбасы да жақсы. Головкиннің отбасында төрт бала болды. Өзімнің балаларым сияқты олар үшін де уайымдайтынмын. Бауыларына обал болды. Екеуі де әскерде қызмет етті. Біреуін аулада төбелес кезінде өлтіріп кетті. Екіншісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Ол кезде Головкин кішкентай болатын. Ал егіз Максим мен Гена қазіргі уақытта тек біздің емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы болып отыр. Геннадий № 11 үйде 1-пәтерде тұратын. Бұл сандар нені білдіреді? Бұл оның әрдайым №1 болатынын білдіреді", - деді "Журавушка" балабақшасында жұмыс істеген Падиша Рахимова. Ал боксшының екінші бір көршісі Головкиннің бірде-бір жекпе-жегін өткізбей көретінін айтады. "Соңғы рет Головкин Джейкобспен жұдырықтасқанда жүрегім тоқтап қала жаздады. Геночка, өтінемін! Келесі жолы мені бұлай уайымдатпа. Қарсыласыңды бірінші соққыдан-ақ нокаутқа түсір. Біз Максим мен Генаны бүкіл көршілер болып тәрбиеледік. Максим балалық шағында әлжуаз еді, а Гена салмақты болатын. Сондықтан Гена оны үнемі қорғап жүретін. Мінездері мен түрлеріне қарасаң олар әр түрлі адамдар сияқты. Бірақ олар әлі күнге дейін бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Олар өмір бойына осылай жүреді. Мен оған сенімдімін", - деді Нина Михайловна. Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы спорт кешенін ресми түрде 7 маусымда ашқан болатын. Салтанатты шараға Қарағандының спорт мектептері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Айта кетейік, спорт кешенінде балалар үшін дайындықтар тегін болады. Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен спорт кешеніне Геннадий Головкиннің аты беріледі.

Видео ақпараттар

Scroll to top