ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 13 Тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ -- "ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ Бүгін ..." -- 07 Тамыз 2019
БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ... -- "БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ..." -- 06 Тамыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы дәрігерлік-амбулаториялық емхананың ... -- "ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы ..." -- 05 Тамыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ТУРАЛЫ -- "Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс ..." -- 02 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 31 Шілде 2019
«Бес сұрақ» айдары -- " Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек ..." -- 23 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019

Юрий Пак бостандыққа шықты. Ер адамды жақындары, туыстары және мұғалімдер АК - 159/18 колониясының алдында күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағандылық мұғалім теракт жайлы жалған хабар бергені үшін сотталған болатын. Сот процесін бүкіл Қазақстан бақылаған еді. Юрий Пак бірінші кезекте әйелін құшақтады.  Келгендердің барлығы Юрий Пак пен оның әйелі Ольганы құттықтап жатты. Юрий Пактың отбасы. Қарағандылық мұғалімнің туыстары да көз жасын жасыра алмады. Ольга Пактың айтуынша, бүгін олардың үйіне күйеуінің оқушылары келеді екен. Олар мұғалімді қатты сағынып, уайымдап, тіпті бітіру кешін 24 маусымға ауыстырған. Айта кетейік, Юрий Пактан басқа бүгін біраз сотталушы бостандыққа шығып отыр.   Еске салайық, 2016 жылдың 3 қазанында Юрий Пак 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылдың сәуір айында педагог жұмыс орнында отырып, 102 пультіне қоңырау шалып, орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабар берген. Бұл ақпарат расталмады. Мұғалімге шығарылған үкім әлеуметтік желіде көп талқыланды. Көпшілік сот үкімінің әділетсіз екенін және сотталушының айыбы жоғы туралы жазды. Кейінірек прокурорлар және Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы сот шешіміне қатысты пікірлерін білдірді. "Террорлық акт туралы көрінеу жалған хабар беру" бойынша сотталған қарағандылық физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактың апелляциялық шағымын да сот алқасы өзгеріссіз қалдырған болатын. Мұғалімнің басында болған оқиға туралы Сенат депутаты Дариға Назарбаева Бас прокуратурадан білгісі келді. "Мен Бас прокуратураға хат жолдап, іс материалын тағы бір жіті қарап шығуын сұрадым", - деген болатын Дариға Назарбаева, сонымен қоса ол сот жүйесінің істеріне парламентарилер де араласа алмайтынын айта кеткен.

Scroll to top